Аймақтар • 07 Сәуір, 2020

Алматы: бүгінге дейін қанша литр дезинфекциялық ерітінді пайдаланылды?

230 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда Алматыда пандемияны ауыздықтау мақсатында бірнеше бағытта жүргізіліп жатқан дезинфекциялау жұмыстар туралы қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы Ержан Сейтеновхабардар етті.

Алматы: бүгінге дейін қанша литр дезинфекциялық ерітінді пайдаланылды?

Мәселен, қоғамдық орындары Алматы әскеригарнизоны 2 аудан бойынша күн сайын бекітілген кестеге сәйкес өңдейді. Сейсенбі және сенбі күндері ауру ошақтары, ауруханалар, емханалар, санаторийлер, азық-түлік базарлары дезинфекцияланады.

Бүгінгі күні бұл іске мегаполисте 635 адам, 48 бүріккіш, 14 бірлік техника жұмылдырылған. Карантин басталғаннан бері қоғамға ортақ орындарды залаласыздандыруға 3 128 мың литр дезинфекциялық ерітінді пайдаланылды.

Екінші бағыт бойынша, «Алматы тазалық» және аудан әкімдіктерінің басқа да мердігерлік ұйымдары күн сайын аялдамаларға, қоқыс жәшіктеріне, орындықтарға, жер үсті және жер асты өткелдеріне, сондай-ақ азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың кіретін топтарына дезинфекция жүргізеді. Алматыда төтенше жағдай басталғаннан бастап бұл жерлерге 1 млн 700 мың литр дезинфекциялық ерітінді пайдаланылды.

Бұдан басқа, контейнерлік алаңшаларды күнделікті өңдеу жұмыстары жүргізілуде, 85 адам жұмылдырылды.

Төтенше жағдай енгізілгеннен бастап 71 мың литр дезинфекциялық ерітінді жұмсалды. Тәулігіне шығарылатын қоқыстың орташа көлемі 1200-1500 тоннаны құрайды.

Үшіншіден, Тұрғын үй саясаты басқармасының мердігерлік ұйымдары аптасына 2 рет көппәтерлі үйлердің кіреберістері мен аула аумақтарын дезинфекциялауды жүзеге асырады.

Қалада 8503 үйде 23454 кіреберіс және 4082 аула бар.

Күн сайын, жексенбіден басқа, көппәтерлі тұрғын үйлерді өңдеуге 70 бригада құрамында 525 жуық дезинфекциялаушы жұмылдырылған. Әр күні 60 мың литр дайын ерітінді пайдаланылады, ал жалпы алғанда 600 мың литрдан астам дайын ерітінді қолданылды.

Жалпы дезинфекция жұмыстары басталғаннан бері әрбір кіреберіс пен аула 3 рет өңделді. Ертең дезинфекциялық өңдеудің 4-кезеңі аяқталады

Дезинфекциялық өңдеудің болмауына және сапасыз өңдеуге байланысты келіп түскен шағымдарды ескере отырып, біз халықпен кері байланысты күшейттік.

БАҚ-та және қалалық және аудандық әкімдіктердің әлеуметтік желілерінің аккаунттарында әр аудан бойынша көппәтерлі тұрғын үйлерге дезинфекция жүргізуге жауапты тұлғалардың байланыс ақпараты орналастырылған.

87010382525 нөмірі бойынша WhatsApp желісі жұмыс істейді, оған шара қолдану үшін тұрғындар сапасыз өңдеудің немесе оның болмауы туралы бейне және фото материалдарын жібере алады.