Экономика • 07 Сәуір, 2020

S&P Global Ratings: Банк секторының кірісі екі есе азайғанмен, тұрақтылығы сақталады

168 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

S&P Global Ratings жетекші несие талдаушысы Ирина Велиева «2020 жылы Қазақстанның экономикасы мен банк секторының даму келешегі» атты онлайн-конференция барысында қазақстандық банк секторының дамуын қиындататын факторларайтып, алдын ала болжауға болмайтын жағдайларға назар аударды.

S&P Global Ratings: Банк секторының кірісі екі есе азайғанмен, тұрақтылығы  сақталады

Оның алғашқысы – мұнай бағасының төмендеуімен байланысты.

«Біз бастапқы сценарийімізді қайта қарастырдық және 2020 жылы Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы барреліне 30 доллар, 2021 жылы - 50 доллар болады деп санаймыз», - деді Ирина Велиева. 

Екінші маңызды фактор - бұл коронавирустық пандемия және оған байланысты  шешім қабылдау. Сарапшылар банк жүйесінің қиындықты еңсеруі сол шешімдерге байланысты екенін айтады. Үшінші фактор - Қазақстанның банк жүйесінің ұлттық валютаның құбылмалылығына ұшырауы. Депозиттердің шамамен 44% -ы және активтердің 16% -ы шетел валютасымен сақталған.   Теңгенің құнсыздануы – қарыз алушылардың төлем қабілеттілігінің әлсіреуіне әкеледі.

Сарапшы AQR процесін   Қазақстанның банк секторындағы маңызды оқиға деп атады. «2020 жылдың басында Қазақстанның қаржы жүйесі бағалау нәтижесін күтті. Біздің ойымызша, нәтижелер жалпы жағымды» түсіндірді Ирина Велиева.

Сонымен бірге, қаржы нарығына AQR мен коммуникацияны енгізу жеткілікті түсінікті және ашық деңгейде жүргізілгенін атап өтті.
«Біз әр банк үшін индикаторлар туралы егжей-тегжейлі баяндама жарияланғанын өте маңызды деп санаймыз және салымшылар депозиттерін басқа банктерге алып кетуі тәрізді қозғалыстар болған жоқ. Бұл қаржы секторының алдағы уақытта тұрақты жұмыс істеуі үшін өте маңызды», - деді ол.
Капитал тапшылығы бар екінші деңгейдегі банктерді қолдау шаралары акционерлерге ұзақ мерзімді қарыздарды басқару мүмкіндігін сақтап қалды. Енді олар алдағы уақытта банктерді қосымша қаржыландыру арқылы банктік басқару менежментін жетілдіреді деген үміт бар.

Сондай-ақ ол NPL, проблемалы несиелер қоры туралы айтып өтті.   Бұл банктің қаржылық капиталы мен көрсеткіштеріне айтарлықтай ауыртпалық туғызбайды екен. Бірақ олардың жойылмауы банктердің басшылығы мен акционерлеріне «демалуға» мүмкіндік бермейді. Сондықтан, банк секторы алдағы уақытта проблемалы несиелер қорының қордаланып қалуына жол бермейді. «Қазақстанда төлем қабілеті сын көтермейтін азаматтарға несие бермеу туралы шешім бар. Бірақ микро қаржы ұйымдарына қатысты мәселе әлі шешімін тапқан жоқ. Төлем қабілеті сын көтермейтін азаматтардың солардың қызметіне қызметіне жүгінбесіне ешкім кепілдік бермейді. Бұл мәселені Ұлттық банк қайта ойлануы тиіс» деп атап өтті  Ирина Велиева.  

S&P Global Ratings деректері бойынша, Қазақстан экономикасындағы несиелік тәуекелдер өте жоғары болып қалғанымен, тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасының банк секторы ағымдағы дағдарысқа 2008, 2014-2016 жылдардағы дағдарысқа қарағанда дайындықпен келгенін көрсетті. келді. «Қазір банктердің 80 пайызында капиталдың жақсы қоры және өтімділіктің жоғары мөлшері бар », - деп түсіндірді Ирина Велиева.

Оның айтуынша, бұл фактор банктердің дағдарысқа төтеп беру мүмкіндігін жақсартады. 2020 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жиынтық өтімді активтер банк секторының барлық активтерінің 44% құрады Халықаралық рейтингтік агенттіктің болжамдары бойынша, қазақстандық банк секторының кірістілік көрсеткіштері едәуір төмендейді, банктердің жиынтық таза пайдасы 2019 жылғы 800 млрд теңгеден 2020 жылы шамамен 300 млрд теңгеге дейін төмендейді. 

«Біз сектордың кірісі өткен жылмен салыстырғанда екі есе азаяды. Бірақ резервтік шығыстардың деңгейі жоғары болып қалуы мүмкін. Бұл шамамен 5% құрайды, бұл банк жүйесі өте жоғары деңгейде өмір сүрген жағдайда жеткілікті» дейді S&P Global Ratings жетекші сарапшысы. 

Спикердің пікірінше, банктерге қойылатын жаңа талаптар активтер сапасының нашарлауына себеп болады. Себебі Қазақстандағы проблемалық активтердің деңгейі несие портфелінің 20-25% құрайды деп санаймыз. Бұл негізінен алдыңғы дағдарыстардан жинақталған активтер. Бұл проблемалы активтердің санын көбейтеді.

Банк секторының несие портфелінің құрылымында корпоративті қарыздармен қатар ШОБ және бөлшек қарыздар үлесі 56% құрайды. Осы екі сегмент қазіргі дағдарыс кезінде ең әлсіз тұсы болуы әбден мүмкін.
Сонымен бірге, ол шағын және орта бизнесті мемлекеттік қаржыландырудың жеңілдетілген бағдарламасы бір жағынан банктерге несиелік қызметті кеңейтуге және пайыздық кіріс алуға мүмкіндік беретінін мойындады. Алайда, оның пікірінше, банктердің осы бағдарлама бойынша баланстарына берілетін несиелік тәуекелдер қаншалықты жүзеге асырылатындығы және қосымша провизияларды талап ететіні әлі белгісіз болып қалады. Жалпы,  бұл көмек банктер үшін емес, шағын және орта бизнеске көмек көрсету шарасы.

Банк жүйесінің тәуекел деңгейін бағалауға қатысты S&P Global Ratings жетекші талдаушысы Қазақстан бұрынғыдай 9-топқа енеді, топтың инвестициялық тартымдылығы аса жақсы емес. Қазіргі уақытта Қазақстан банктерінің рейтингі бойынша орташа деңгей - «В», бұл халықаралық тұрғыдан да, көршілес елдердің рейтингтерімен салыстырғанда да төмен. «Бірақ бағалау үрдісі тұрақты. Дағдарыс кезеңіндегі инвестициялық емес категориялардың рейтингтерінің өзгермелілігі тұтасымен BBB-дәрежесіндегі рейтингтерден жоғары болуы мүмкін. Банктердің дағдарысқа қалай жауап беру стратегиясын таңдағанына байланысты олардың рейтингтері өзгеруі мүмкін»,  деп қорытындылады Ирина Велиева.

АЛМАТЫ