Экономика • 08 Сәуір, 2020

Отандық зарарсыздандыру құралдары өндіріледі

498 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Павлодар қаласындағы «БО-НА» ЖШС дезинфекциялық сұйықтықтар өндіреді. Соңғы уақытта кәсіпорынның өндіріс көлемі күрт өсті. Серіктестік мамандарының айтуынша, бұған дейін компания күніне 300 кило хлорлы таблетка өндірсе, қазір өндіріс көлемі үш есеге өскен. Сұраныс көбейсе, компания өндірісті одан әрі ұлғайтуға дайын.

Отандық зарарсыздандыру құралдары өндіріледі

– Жалпы, қай уақытта болсын, елімізде ғылым, өндіріс жән­е банктердің бірлескен хол­дингтерін құру тиімді. «Жаман айтпай жақсы жоқ». Індет дерті өр­шіген уақытта ғана емес, қашанда тұрған үйіміз, ауламыз, тамағымыз таза болуы керек. Үй-жайларды, ірі шаруашылық құрылымдарын жылына бір рет болса да залалсыздандыру қажет, – дейді кәсіпорынның бас директоры Нұрлан Ережепов.

2007 жылы «БО-НА» серіктес­тігінің залалсыздандыратын сұ­йық заттар жөніндегі ғылыми зерт­теулері халықаралық грант жеңіп алды. Химия бағы­тын­дағы кәсіпорындардың өндірісі бұрынғыдай қорқыныш тудыр­май­ды, қоршаған ортаға зиян келтірмейді. Қолданылатын технология экологиялық тұрғыдан қауіп­сіз сипатқа ие екенін дәлел­деген. Кәсіпорын 2014 жылдан бастап арнайы экономикалық аймағының қатысушысы атанды. Компанияның инновациялық әзірлемелері технологиялық сараптамалардан өткен. Өнімдердің қоршаған ортаға зияны жоқ, экологиялық талаптарға сай.

Серіктестікке «Бәйтерек» ұлт­тық холдингіне қарайтын «Тех­­нологиялық даму жөнін­дегі Ұлттық агенттік» қол­­дау көрсетті. Жобаға 200 мил­лион теңгеден астам инвести­ция салынған. Бүгінде компа­ния бар­лық дезинфекция­лау құрал­дарын, түрлі антисеп­тик­терді, медициналық құралдар, үй-жай­ларды өңдеуге арналған сұ­йық және концентрацияланған құрал­дарды шығарады. Еліміздің меди­циналық мекемелерінің тапсырысын орындайды.

Қазір кәсіпорын ұжымы химиялық өнеркәсіп саласында білікті тәжірибесі бар, серіктестіктің техникалық директоры Борис Шаровтың жетек­шілігімен алдағы уақытта хлор сұйықтығының жаңа өнімдерін өндіру бойынша жұмыс істеуде.

– Кәсіпорын өнімдерінің бәрі де дезинфекциялық шараларға қолданылады. Тұрмыстық хи­мия­лық өнімнің екі-үш түрін шығаруды жоспарлап отырмыз. Медициналық мекемелер пайдаланатын құрамында хлоры бар немесе жоқ 30 түрлі дезин­фекциялық құралдар шы­ғарылады. Қазір жаңа өнім шыға­ратын қондырғы құрылысы жүргізілуде. Құрлығы іске қо­сыл­ған соң, өндіріс қалдық­тары есебінен тұрмыстық химия­ға қажетті өнімдер жасалады, – дейді Б.Шаров.

Кәсіпорын басшысының айтуынша, залалсыздандыратын сұйықтықтардың жоғары сапасы тексерілді. Тексеріс барысында «Дезостерил», «Дезостерил-Н» деп аталатын екі сұйықтық таң­дап алыныпты. Сұйықтықтар ауруханалардың, коммуналдық, тамақ, өндiрiс, сүт, мал шару­ашы­лығы нысандарының, медици­налық маңыздағы бұйымдарды дезинфекциялауда қолданады.

Жалпы, химия өндірісі өңірге жақсы таныс. Кеңес өкіметі тұсында облыс орталығында бүкіл Одақты химиялық өнімдермен қамтыған кәсіпорындар жұмыс істеді. Қоршаған ортаға қауіпті, сынап қолдану арқылы өнім өндіретін зауыттар тоқсаныншы жылдары жабылды. Оның орнына 2011 жылдары «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы» аумағында жаңа зауыттар­ды іске қосу арқылы еліміздегі хи­миялық кластер құрылмақ еді. Қазір бұл экономикалық аймақта «Каустик» АҚ елімізге қажетті хлор, каустикалық сода мен тұз қышқылын, «БО-НА» ЖШС дезинфекциялық құралдарды, «АгроХимПрогресс» ЖШС агрохимиялық өнімдерді өндіреді. «Каустик» АҚ – халықаралық жоғары сапа стандарттарына сәйкес жұмыс істейтін заманауи химиялық өндіріске айналды. Зауыт өнімдері экономиканың көптеген салаларында, мұнай, химия, медицина, тамақ өнеркәсібі, түсті және қара металлургияда қолданылуда. Сонымен бірге кәсіпорында шығарылатын хлорлы концентрат сұйықтық ғи­ма­­рат­тарды, тұрғын үйлердің подъез­дерін дезинфекциялауға қажет. Өндіріс тәулігіне 52 тонна сұйық­тық шығарады. Еліміздің өңір­лерінен түсетін сұраныс та аз емес. Жылына 3 мың тоннаға дейін сұйықтық шығаратын мүмкіндігі бар. Жуырда Алматыға 250 тонна хлорлы концентрат жөнелтілген.

– Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Еуропалық сырқаттарды бақылау жөніндегі орталық хлорлы концентратты дезинфектант ретінде ұсынады. Натрий гипохлорит сұйықтығы қауіпті вирусты бірден жоюды. Өнімнің сертификаты, тиісті рұқсатнамалық құжаттары бар, тиімділігі, қауіпсіздігі расталған, – дейді маман В.Рагулин.

Бірақ бұл сұйықтық дүкен­дердегі еркін саудаға түспей, тек ірі кәсіпорындар мен меке­ме­­­лерге темір жол цистер­на­лары­­мен жеткізіліп келген-ді. Ке­йін сұйықтықтан дезинфек­ция­­­лық құралдар дайындап, тұр­ғындардың пайдалануына ың­ғайлы болуы үшін кішігірім плас­тикалық бөтелкелерге құйы­лып, сатылымға шығарыла бастады.

– Басты ерекшелік, аталған кәсіп­орындар отандық дези­н­фек­­циялық сұйықтықтар шы­ғаруда. Хлор таблеткалары немесе дезостерил хлоры, қолға арналған антисептиктер барлығы да қазақстандық өнім. Қазір еліміздегі төтенше жағдайға байланысты өндіріс барысына өзгерістер енгізілуде. Енді жергілікті шикізатты пайдаланып, серіктестік мамандары ойлап тапқан сұйықтықтар жаңа технология бойынша жүзеге асырылады, – дейді аймақ директоры Әлібек Несіпбеков.

 

Павлодар облысы