04 Қыркүйек, 2013

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығы №02-01-02/184

345 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

2012 жылғы 27 желтоқсан,  Астана қаласы

«Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын келісу» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімі (М.Ы.Өтешев):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің меңгерушісі М.Ы. Өтешевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға            А.Байменов.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағаның
2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 02-01-02/184 бұйрығымен бекітілген

«Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын келісу»  мемлекеттік қызметінің регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын келісу» мемлекеттік қызметінің осы регламенті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 1687 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді.
2. Осы Регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік қызмет – Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігімен (бұдан әрі – Агенттік) көрсетілетін, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын келісу бойынша мемлекеттік қызмет;
2) мемлекеттік қызметті алушы – мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру саласында білім беру құқығын растайтын құжаты бар білім беру ұйымдары.
3. Мемлекеттік қызметті көрсетуші орган атауы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (Астана қаласы, Абай даңғылы, 33а).
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы      № 280 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ережесі және Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесі негізінде көрсетіледі.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларына (бұдан әрі – бағдарлама) келісім берілгенін растайтын хат-келісім не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты қамтитын хат болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызмет Агенттік ғимаратында көрсетіледі. Ғимарат режімі: ғимаратқа кіру алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады.
Ғимаратта тәулік бойлы күзет бекеті, өртке қарсы дабыл қаққыш және басқа да қауіпсіздік шаралары бар.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі
9 Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат Агенттіктің www.kyzmet.kz интернет-ресурсында орналасқан, сондай-ақ мына телефондар бойынша беріледі: 8 (7172) 75-35-34, 75-35-85.
Агенттіктің жұмыс кестесі: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, жексенбі, демалыс және 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі мен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңымен бекітілген мереке күндерінен басқа күндері көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері Стандарттың 7-тармағында көрсетілген.
11. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға Стандарттың 11-тармағында көр