Коронавирус • 08 Сәуір, 2020

Әлемдегі ахуал қандай?

315 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл топтамада әлемнің 184 елінде тараған Covid-19 вирусына қатысты соңғы жаңалықтарды жариялап отырамыз.

8 сәуірде Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны - 1 430 453 өлім саны - 82 133, айыққандар саны - 301 385 адам болды (жаңартылған уақыты 17:14).

10:56

Өзбекстанда азаматтарға кіммен кездескенін күнделікке жазып жүру ұсынылды

Аталған шара адамның бойынан коронавирус инфекциясы табылған жағдайда, онымен байланыста болған адамдарды жедел анықтау үшін қажет. Республиканың Бас прокуратурасы осындай өтініш білдірді.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Өзбекстанда коронавирусты жұқтырған 504 адам анықталған. Екі науқас көз жұмып, 30-ы емделіп шыққан. Қазір 100 мыңнан астам адам карантин режимін сақтап отыр, оның ішінде 23 мыңнан астамы — стационарларға жатқызылған.


10:38

Францияда коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 мың адам анықталды

Eлде COVID-19 вирусын жұқтырғандардың жалпы саны 110 070 адам. 1 417 адам вирус салдарынан көз жұмған. Ал жалпы өлім-жітім саны — 10 343.

Бұған қоса, тағы 2 127 адам ауруынан айыққан. Жалпы жазылып шыққандар саны 19 523-ге жетті. 


Германияда тағы 3 364 адам вирус жұқтырған

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны — 107 663. Соңғы тәулікте қайтыс болғандар саны — 132. Жалпы бұл елде аталған індеттен 2,016 адам көз жұмған. Сондай-ақ, тағы 7 381 адам емделіп, сауығып шықты. Мұндағы жазылып шыққандардың жалпы саны 36 081-ді құрап отыр.


Ұлыбританияда COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 мың адам тіркелді

Вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 55,949-ға жетті. Сонымен қатар, жаңа өлім-жітім ‒ 786, ал өліммен аяқталған жағдайлардың жалпы саны — 6 171. 

Сауығып шыққандардың саны 325 адам.


Иранда вирус жұқтырғандар саны 62 мыңнан асты

Жалпы вирусты жұқтырғандар саны ‒ 62 589. Соңғы уақытта қайтыс болғандар ‒ 133 адам. Коронавирус инфекциясынан жалпы 3872 адам көз жұмды.

Сондай-ақ, тағы 2 803 адамның емделіп шыққаны мәлімделді. Сауығып шыққандардың жалпы саны — 27 039.


Әзербайжанда бүгін 76 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Ағзасынан вирус табылғандардың жалпы саны 717-ге жетті. Оған қоса, 1 адам көз жұмды. Жалпы вирус салдарынан қайтыс болғандар саны ‒ 8.


Малавиде (Оңтүстік Африка) COVID-19 коронавирус инфекциясынан алғашқы адам көз жұмды. Бұдан өзге, бүгін тағы 3 адамның вирусты жұқтырғаны анықталды. Елде жалпы коронавирус инфекциясы 8 адамның ағзасынан табылды. 


Бельгияда коронавирусты жұқтырған тағы 1380 адам анықталды

COVID-19-ды жұқтырғандардың жалпы саны 22 194 адамға жетті. Қайтыс болғандар саны ‒ 2 035, оның ішінде соңғы тәулікте тіркелгені ‒ 403.

Бұл елде 4 157 науқас аурудан айығып шыққан. Соңғы жазылып шыққандар саны ‒ 171.


09:40

Әлемдегі жағдай қысқаша:

• Вирустан қайтыс болғандар саны 80 мыңнан асты

• Жапонияда төтенше жағдай жарияланды

• Борис Джонсон қарқынды терапия бөліміне ауыстырылды

• Италияда індеттің беті бері қараған секілді