Қоғам • 08 Сәуір, 2020

ҚазҰУ студенттері «Top student mobility» жеңімпазы атанды

23 рет көрсетілді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 10 студенті оқу мен ғылымдағы айтулы жетістіктері үшін Ресей халықтар достығы университетінің (РХДУ) «Top student mobility» стипендиясына ие болды.

«Top student mobility» байқауының мақсаты – РХДУ-да желілік форматта білім алатын студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамыту және қолдау.

Байқау нәтижелері бойынша әлемнің әртүрлі елдерінен - Франция, Австрия, Италия, Испания, Иран, Армения, Беларусь, Тәжікстан және Қазақстаннан 30 жеңімпаз анықталды. ҚазҰУ студенттері оқу үлгерімі мен жобаларға деген ғылыми көзқарасы үшін барлық стипендиялардың үштен біріне ие болды. Олардың әрқайсысы шамамен 250 мың теңгеден тұратын бір реттік көмек алды, деп хабарлайды баспасөз орталығынан.

ҚазҰУ-дың физика және технология, химия және химиялық технология, филология және әлем тілдері, география және табиғатты пайдалану факультетінің студенттеріне Ресей халықтар достығы университетінің арнайы стипендиялары берілді.

 

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар