Бизнес • 08 Сәуір, 2020

Jýsan Bank пандемия кезінде бизнеске қолдау көрсетеді

232 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Jýsan Bank коронавирустық инфекция пандемиясына байланысты елімізде төтенше жағдай режимі енгізілгеннен кейін зардап шеккен қазақстандық шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуде.

Jýsan Bank пандемия кезінде бизнеске қолдау көрсетеді

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде жеке кәсіпкерлерді қолдаудың арнайы бағдарламасы шеңберінде айналымдық қаражатты толықтыруға жылдық 8%-дан аспайтын мөлшерлемемен жеңілдікті кредиттер бөлінетін болады. 

Бағдарлама шарттары бойынша қарыздың ең жоғары мерзімі 12 айға дейін мерзімді құрайды. Бұл ретте кредит берудің ең жоғары сомасы жеке кәсіпкерлер үшін 50 млн теңгеге дейін және заңды тұлғалар үшін қызметтің қандай да бір салалары бойынша шектеусіз 3 млрд теңгеге дейін соманы құрайды.

Jýsan Bank Басқарма төрағасының орынбасары Мирас Шайхысламов. «Біз бұрыннан келе жатқан клиенттер мен жаңа клиенттерді қаржыландыруды қарастырып жатырмыз. Бұл табысы азайған, сатып алушылар тарапынан төлемдер кешіктіріліп жатқан, сондай-ақ қызметкерлерінің штаттық саны қысқартылған компаниялар болуы мүмкін. Осындай қиын кезеңде біз клиенттерімізге көмек көрсетуге және отандық бизнесті қолдауға дайынбыз», - деп атап өтті  делінген банк хабарламасында.

Jýsan Bank  өз клиенттеріне қолдау көрсете отырып, 90 күнге дейінгі мерзімге кредиттер бойынша кейінге қалдыру мүмкіндігін ұсынған болатын. ШОБ субъектілеріне жеңілдікті кредит беру бағдарламасын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ұлттық Банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі құрастырды.

Бағдарламаны іске асыруға активтер сапасының тәуелсіз бағалауынан өткен (AQR), портфелінде ШОБ субъектілерінің қарыздары бар бағдарлама қатысушылары - екінші деңгейлі 13 банкте салымдарды орналастыру арқылы 600 млрд теңге бөлінеді. Бағдарлама операторы – Қазақстан орнықтылық қоры.

Банктің сайтында жеңілдікті кредит берудің шарттарымен танысуға, сондай-ақ қазірден бастап өтініш беруге болады.

 

АЛМАТЫ