Қазақстан • 08 Сәуір, 2020

Елордада салынып жатқан аурухана құрылысы қалай жүріп жатыр? (Фоторепортаж)

1055 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада салынып жатқан аурухананың құрылысы 12 күнде аяқталады деп жоспарлануда.

Елордада салынып жатқан аурухана құрылысы қалай жүріп жатыр? (Фоторепортаж)

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАР, EQ

Қазақстанда короновирустық инфекцияға қарсы үш медициналық мекеменің құрылысы басталды. Олар індеттен кейін қарапайым медициналық мекеме ретінде жұмысын  жалғастырады.

Елордадағы жұқпалы аурухана 200 орынды (реанимациядағы 20 орынды қосқанда)  қамтиды деп жоспарланып отыр.

Алматыдағы нысан 280 орынға есептелсе, Шымкенттегі аурухана 200 науқасты қабылдай алатын болады.

Үкімет медициналық мекемелерді қысқа мерзімде салып, іске қосуды BI Group холдингіне тапсырды.

Елордадағы нысанның жер жұмыстары алдын ала жүргізіліп, құрылыс 5 сәуірде басталды. Қазіргі уақытта инженерлік желілерді монтаждау жұмыстары аяқталып, неміс технологиясы бойынша MODEX зауытында жасалған модульдік темірбетон блоктар орнатылуда.