Аймақтар • 08 Сәуір, 2020

Алкогольді ішімдіктер шығаратын ірі компания антисептиктер жасай бастады

472 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазіргі жаһанды жайлаған пандемия жағдайында ең басты қорғаныс құралдарының бірі – антисептик. Ал, карантин көмек көрсету мен қорғау және қорғану уақыты болып тұр.

Алкогольді ішімдіктер шығаратын ірі компания антисептиктер жасай бастады

Қазақстанда жарияланған төтенше жағдай кезіндегі қиындықтарға қарамастан, құрамында бірнеше ірі алкогольді және алкогольсіз сусындар шығаратын зауыттары бар AsiaWaters өндірістік және сауда компаниясы қазақстандықтарды профилактикалық жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету үшін антисептиктерді шығаруды бастады.

Өйткені, пандемия жағдайында елімізде жеке қорғаныс құралдарының жетіспеушілігі туындап отыр. Соның салдарынан қазақстандықтар өздерін жеткілікті түрде жұқтырудан қорғай алмауы қалуы әбден мүмкін. Ең басты қорғаныс құралдарының және «дәрілердің» бірі де – бұл антисептик.

Күшті алкогольді ішімдіктерді өндіруші ретінде AsiaWaters өндірісті жартылай қайта жандандыруға және елдегі тапшылықты жою үшін антисептикалық препараттарды өндіруді бастауға шешім қабылдады.

«Нарықтың антисептиктерге деген шұғыл қажеттілігін ескере отырып, жаңа өнімді шығаруды ұйымдастыруға байланысты қосымша қаржылық шығындарға қарамастан шешім дереу қабылданды. Осы уақытқа дейін біз елімізде күшті алкогольдің жалғыз өндірушісі болып табылатын едік, ендігі уақытта, тиісті мемлекеттік органдарда тез тіркеліп, сертификаттаудан өтіп, сапалы және қауіпсіз антисептикалық препараттарды қолжетімді бағамен шығаруды ұйымдастырдық», дейді AsiaWaters коммерциялық директоры Руслан Ламанов.

0,5 литр, 1 литр және 5 литр көлеміндегі «Асептдезин» антисептиктерінің алғашқы партиясы «Көкшетау минералды сулары» АҚ («AsiaWaters» компаниясының құрамына кіреді) ірі өндіріс орындарының бірінде шығарылды. Антисептикалық рецепт, ДДҰ ұсынымдары бойынша, «Кентавр» Ақтөбе спирт зауытының технологтары жасалған. Мемлекеттік стандарттарға сәйкес, антисептик ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде тіркеуден және сертификаттаудан өтті, бұл оның қауіпсіздігі мен сапасын растайды.

KMWдиректоры Станислав Максимец: «Асептдезин сауда маркасымен антисептик жұқпалы аурулардың алдын алу үшін қолды тазартуға арналған және барлық санитарлық және сапалық стандарттарға сәйкес келеді. Антисептик құрамында алкоголь, сутегі асқын тотығы және теріні жұмсартатын ингредиенттер бар.

Өткен тәулікте Көкшетау минералды суларының негізінде 80 мың литр антисептиктер шығарылды. Жалпы, 15 сәуірге дейін 600 мың литр антисептик шығару жоспарланған. Осы мақсатта неміс өндірушісі Krones өндірісінің желісі арнайы жөндеуден өтті. Өндіріс көлемі нарықтың қажеттілігі мен шикізаттың жеткізілуіне байланысты, бірақ өндірістік қуаттылық көбірек мүмкіндік береді», дейді.

AsiaWaters осындай антисептикті Қостанай қаласындағы спирт зауытында да шығарады. Қазіргі уақытта компания медициналық мекемелер мен мемлекеттік ұйымдардан тапсырыс қабылдап жатыр. Жақында елдегі дүкендерде жаңа антисептик пайда болады. Ұсынылған баға 0,5 литр үшін 1730 теңге, 1 литр үшін 2640 теңге, 5 литр үшін 11 880 теңге болады.

Қолға арналған антисептиктер құрамына қарай екі түрі бар – хлорлы және алкогольді. Біріншісі теріге жұмсақ болса, бірақ алкогольдіден айырмашылығы, қазіргі жағдайда тиімділігі аз. Медициналық мекемелер әдетте алкогольді антисептиктерді қолданады. Асептдезин құрамында глицерин – теріні жұмсарту үшін және спирт – саңырауқұлақшалардан, вирустардан және бактериялардан қорғауға арналған.

Сондай-ақ, компания төтенше жағдайлар кезінде сертификатталмаған және сапасыз антисептикалық заттарды сату жиілеп кеткендіктен, алар кезде жапсырманы мұқият оқып, сақ болуды ескертеді.

 

 

АЛМАТЫ