04 Қыркүйек, 2013

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бұйрығы № 302

386 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

2013 жылғы 29 сәуір,  Астана қаласы

«Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі №186 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабы 1-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі №186 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6977 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 11 маусымда №247-248 (26646) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Кадр жұмысы департаменті (А.Ү.Әбдіғалиев) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді және мерзімді баспа басылымдарда жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ.Демеуовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр  полиция генерал-лейтенанты           Қ.ҚАСЫМОВ.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2013 жылғы 29 сәуірдегі №302 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 26 cәуірдегі №186 бұйрығымен бекітілді

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ережесі

1. Жалпы ереже
1. Осы Ереже «Құқық қорғау қызметі туралы», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына (бұдан әрі – Үлгі қағидалар) сәйкес әзірленді.
2. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің әскери оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау тәртібін реттейді.
3. ІІМ жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау тәртібі қабылдауды ұйымдастыруды, талапкерлерді медициналық, дене және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеуді, ІІМ жоғары оқу орындарының тыңдаушылар қатарына қабылдауды құрайды.
4. ІІМ жоғары оқу орындарының күндізгі оқыту нысаны бойынша орта білімі бар, он алты жасқа толған, ішкі істер органдары қызметкерлеріне қойылатын талаптарға жауап беретін, денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
5. ІІМ жоғары оқу орындары осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген мамандықтар тізбесіне сәйкес мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асырады.
6. ІІМ-нің жоғары оқу орындарына оқуға түсуге ниет білдірген азаматтар тұрғылықты жері бойынша аумақтық Ішкі істер департаменттерінің, Көліктегі ішкі істер департаментінің, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің (бұдан әрі – ІІД, КІІД, ҚАЖД) кадр жұмысы басқармаларына өтініш (еркін нысанда) береді.
Өтінішке:
1) жеке куәлігінің көшірмесі (нотариалды расталған);
2) фотосуреттер (бас киімсіз, көлемі 3,5х4,5 см. алты фотосурет, көлемі 10х12 см. бір фотосурет);
3) өз қолымен толтырылған өмірбаян (түпнұсқа);
4) білімі туралы аттестаты немесе дипломының көшірмесі (өткен жылғы білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін нотариалды расталған);
5) «Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы №289 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып тіркелген) бекітілген анықтама нысанына сәйкес білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама (оқуға түсетін жылғы білім беру ұйымдарының біт