04 Қыркүйек, 2013

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы №10-1/150

317 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2013 жылғы 4 сәуір,  Астана қаласы

Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне өтеусiз негiзде беруiне жататын ақпарат пен
қызметтердiң тiзбесiн бекіту туралы

2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне өтеусiз негiзде беруiне жататын ақпарат пен қызметтердiң тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициалық саясаты департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тiркелуiн және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а.              Г.ИСАЕВА.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2013 жылғы 4 сәуірдегі № 10-1/150 бұйрығымен бекітілген

Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне өтеусiз негiзде
 беруiне жататын ақпарат пен қызметтердiң тізбесі

1. Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне өтеусiз негiзде беруiне жататын ақпараттар:
1) агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау бағыттары, агроөнеркәсіп кешені саласында қабылданған нормативтік - құқықтық актілер және агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өзге де мәселелері бойынша;
2) республиканың барлық өңірлері бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің, азық-түліктің, төрт түлік малдың, жем-шөп пен жанаржағар майдың ағымдағы бағалары бойынша;
3) агроөнеркәсіп кешені үшін материалдық-техникалық ресурстарды және қызметтерді өндірушілер мен жеткізушілер бойынша;
4) өңірлерге байланысты (тұқым сорты, тыңайтқыштар, улы химикаттар, сонымен қатар механизация құралдары), одан әрі жұмыс істеу үшін байланыс телефондары мен мекен-жайлары туралы мәліметтерімен қоса өндіріске енгізу үшін сынақтан өткен және ұсынылған соңғы ғылыми әзірлемелер бойынша;
5) республикада және басқа да елдерде жоспарлап отырған семинарлар, тренингтер, тұсау-кесерлер мен ұйымдастырылатын көрме-жәрмеңкелік шаралар туралы;
6) ұсақ және орта ауыл шаруашылығы құрылымдарының қаржылық сауаттылығын арттыру (бухгалтерлік есепті жүргізу мен есептілік және басқа да ұқсас мәселелер жөнінде) бойынша;
7) дәнді дақылдар түрлері жөнінде көктемгі егіс егу және жинау жұмыстары бойынша.
2. Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне өтеусiз негiзде беруiне жататын қызметтер:
1) қаржылық (екінші деңгейлі банктер, шағын несие мекемелер), сақтандыру және бағалау қызметтердің шарттары мен құны бойынша кеңес беру;
2) арнайы мамандандырылған мерзімдік басылым (бюллетень) шығару және оны агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне жеткізу.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 29 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8443 болып енгізілді.