Қоғам • 08 Сәуір, 2020

E-Polisia KZ қосымшасы іске қосылды

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

E-Polisia KZ қосымшасын Ішкі істер министрлігінің қолдауымен Алматы қалалық Полиция департаменті дайындап, бүгіннен бастап қолданысқа енді деп хабарлайды  Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

E-Polisia KZ қосымшасы іске қосылды
 
«Қазіргі кезеңдегі оның ең маңызды артықшылығы - КВИ-мен күресу жөніндегі Жедел штабтың арнайы мәліметтер базасында ЖСН бойынша және көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірінің болуын тексеру. Енді кез келген азамат өзінің мобильді құрылғысын пайдаланып, қосымшаны жүктеп алып, оның осы дерекқорда бар-жоғын және сәйкесінше, қалада карантин кезеңінде жүруге рұқсаты бар-жоғын біле алады.  Демек, біздің Call-орталыққа 254-40-07 телефонына  автоматты түрде қоңырау шалудың қажеті болмайды. Сондай-ақ осы қосымшаның көмегімен сіз онлайн режимінде полицияға өтініш, шағым, сигнал бере аласыз, сонымен қатар, короновирус туралы тиісті ақпаратпен таныса аласыз. Бүгінгі таңда көптеген азамат жоғарыда аталған тақырып қызықтырады, сондықтан «Жиі қойылатын сұрақтар» айдары аталған тақырыпқа бейімделген. Сонымен қатар қосымшада карантиндік аймақтың периметрі бойынша жол тосқауылдарын кесіп өту ережелері туралы бөлім бар» деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қанат Таймерденов.
Қосымшаның басты парағында Полиция басқармасы, аудандық әкімдіктер мен полиция бөлімдерінің орналасқан жері туралы мәліметтер, сондай-ақ, учаскелік пункттер орналасқан.