Қоғам • 08 Сәуір, 2020

Алматыда 590 мыңдай адамның зейнетақысы мен жәрдемақысы өсті

635 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы қаласының баспасөз орталығында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қалалық департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов онлайн-брифингке қатысып, бірқатар оңды жаңалықпен бөлісті.

Алматыда 590 мыңдай адамның зейнетақысы мен жәрдемақысы өсті

Бүгінгі таңда Алматыда 589 177 адам зейнетақы мен жәрдемақы алатын болса, сәуір айынан бастап әлеуметтік көмектің бұл санаты 10 пайызға өсті.

– Өздеріңіз білесіздер, биыл 1 қаңтар айынан бастап барлық әлеуметтік көмек түрлері 5 пайызға өсті. Енді оның көлемі тағы да 5 пайызға ұлғайып отыр. Нәтижесінде мамыр айынан бастап зейнеткерлер 10 пайызға өскен зейнетақыларын ала бастайды. Бүгінгі таңда Алматыда 230 мың зейнеткер бар. Зейнеткерлер де жәрдемақы алатындар да түгел  тізімде тұр. Бұл азаматтарға жаңа зейнетақыларын алу үшін бөлімшелерге барып, басқа да әрекеттер жасаудың қажеті жоқ  Бәрі автоматты түрде жүзеге асады, – деді Айдынжан Нарматов.

Сондай-ақ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қалалық департаментінің басшысы төтенше жағдай кезінде мүгедектік бойынша алатын жәрдемақы мен еңбекке жарамсыздықты рәсімдеу жолдарын түсіндіріп өтті.

 

АЛМАТЫ