Кітапхананың баспасөз қызметінің деректеріне сүйенсек, мәтінді сенсорлық пернетақтаның көмегімен және дауысты енгізумен қатар, сенсорлық құрылғылардың зағип тұтынушылары арасында брайльдік енгізу танымалдық сипат алуда. Бұл IOS-та 2016 жылдан бастап енгізілген, қосымша бағдарламаларды орнатуды талап етпейтін стандартты функция. Android-да бұл функция бөгде пернетақталарды, соның ішінде ақылы пернетақталарды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Брайль енгізуін пайдаланған кезде, құрылғы экранында параметрлерге байланысты алты немесе сегіз нүкте көрсетіледі. Нүктелерден қажетті комбинацияны бір мезгілде басқанда, экранда оған сәйкес таңба пайда болады. Сандар мен кейбір белгілерді жазу үшін нүктелердің комбинациясы, соның ішінде пунктуациясы таңдалған брайльдік кестеге байланысты.
Дәріс барысында маман жаңа контакт құру мысалында Android және iOS операцияларына брайльдік жүйелер енгізу мүмкіндіктерін көрсетті.
Дәрісті мына сілтемеден тыңдауға болады: https://yadi.sk/d/V5JsPf77JtoGzQ