Әлем • 08 Сәуір, 2020

COVID-19: Пәкістан 100 мың діндарды іздестіруде 

112 реткөрсетілді

Өткен айда Пәкістанның халық өте тығыз қоныстанған Пунжаб аймағының орталығы Лахор қаласында діндарлардың халықаралық кезекті конференциясы ұйымдастырылған екен. Бұған жан-жақтан 100 мың адам келіп қатысқан.

Өкініштісі, жоғарыдағы бас қосу басқаларға коронавирус таратқан қақпа-көзге айналды. Елдегі індет жұқтырған 4 мың адамның 60 пайызы осы Пунжаб аймағының үлесінде. Оған себеп, жоғарыдағы таблиғ жамағат қауымының жиыны. Үкімет бұл жиынға қатысқан 100 мың діндарды іздестіріп жатыр. Әзірге табылғаны 20 мың. Бұлардың 540-нан дерттің белгісі табылды.

Аталмаш жамағат мүшелері ел кезуге құмар. Анда-мұнда жиын өткізгіш. Өткен айда бұлар 16 мың мүридтің басын қосып Малайзияда тағы жиын өткізген екен. Осылардың ішінен 600 адам қазір індет жұқтырушы ретінде емделіп жатыр.

Жамағаттың жайылатын жері – Үндістан, Индонезия және Пәкістан елдері болғандықтан ДДСҰ осы мемлекеттерге сақтық шарасын күшейтіңдер, кезбе жамағаттарыңа тыйым салыңдар деп зар қағып жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар

Covid-19: Тағы 3 адам көз жұмды

Коронавирус • Кеше

Covid-19: 184 адам жазылып шықты

Коронавирус • Кеше

Нүкте философиясы

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар