Коронавирус • 08 Сәуір, 2020

Алматыда дертінен сауыққандар саны 23 болды

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 8 сәуірде Қалалық жұқпалы аурулар стационарында ем алған тағы екі пациент ауруханадан шыққаны туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев хабарлады.

Алматыда дертінен сауыққандар саны 23 болды

«Бұлар – 1989 жылы туған ер адам және 1990 жылы туған әйел. Олар бұған дейін анықталған пациентпен байланыста болған, екеуі де 13 наурызда Мәскеу-Алматы рейсімен ұшып келген», – деді ол.

Ер адамның ауруы жеңіл өтіп кетті, ал әйел адамның жай-күйі орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағаланды, сондай-ақ «Оң жақты үстіңгі аймақты бронх демікпесі» диагнозы қойылды.

«Бүгінде екеуі де өзін жақсы сезініп, 14 күндік үй карантиніне шығарылды», деді Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы.

Осылайша, қазіргі уақытта мегаполисте коронавирустық инфекциядан сауығып шыққан адамдар саны 23 адам болды.

 

 

АЛМАТЫ