«Осы кезге дейін автоеріктілер 164 отбасына қажетті азық-түліктерді жеткізіп берді. Енді біз азық-түлік себетін тағы 100 мұқтаж адамға жеткіземіз. Жергілікті кәсіпкер әйелдердің бірі қажетті тауарлардың жиынтығын алып бермек» деді Азаматтық орталықтың жетекшісі Әйгерім Досқалиева.
Оның айтуынша, мұқтаж жандардың тізімі 109 сенім телефонына түскен, азаматтардың өздері жазған өтініштерге, сондай-ақ, «Жүректен Жүрекке» қайырымдылық қорының базасындағы мәліметтерге байланысты жасалған. Ал азық-түліктерді сатып алуға жергілікті кәсіпорындар мен кәсіпкерлер көмектесуде.
Жұмасат ҒАЗИЗ
Атырау облысы