Аймақтар • 08 Сәуір, 2020

Қазақстан мен Ресей мамандары қашықтан оқыту бойынша тәжірибе алмасты

342 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Абай атындағы ҚазҰПУ-тінде ресейлік әріптестердің қатысуымен «Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың Қазақстандық-ресейлік тәжірибесі» онлайн-вебинары өтті.

Қазақстан мен Ресей мамандары қашықтан оқыту бойынша тәжірибе алмасты

Вебинарға Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев, Краснояр мемлекеттік педагогикалық университетінің білім берудегі информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Николай Пак, Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің Цифрлық білім беру институтының білімді ақпараттандыру кафедрасының доценті Александр Гришкун, сондай-ақ университеттің проректорлары, қашықтан оқытуға жауапты құрылымдық бөлімшелердің, институттар мен кафедраларының басшылары қатысты.

Вебинардың модераторы - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры Асан Сәтмырзаев болды.

Іс-шара барысында қашықтан оқытуды ұйымдастыру және дамыту, қашықтықтан оқыту курстарының сапасын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, Zoom, Google Hangouts, BigBlueButton платформаларын пайдалануға салыстырмалы талдау жүргізілді. Сонымен қатар мамандар www.bilimland.kz электронды оқыту платформасын және STEM білім беру курстарын қашықтан оқыту әдістерін қолдану тәжірибесімен бөлісті.

Вебинар жұмысында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Білім беруді ақпараттандыру департаментінің директоры Бахытжан Ахметов, КМПУ білім берудегі информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Николай Пак, МҚПУ-дың білімді ақпараттандыру кафедрасының доценті Александр Гришкун, ҚазҰПУ-дың Математика, физика және информатика институтының аға оқытушысы Нұржамал Ошанова баяндама жасады.

Қазақстандық жоғары оқу орындарының қашықтан оқытуға көшуіне байланысты Абай университеті оқытушылары мен студенттеріне оқу жүктемесіне, оқу жұмыс жоспары мен бағдарламаларға, сабақ кестесіне сәйкес қашықтан білім беру технологиялары негізінде электрондық платформаларға қолжетімділік берілді. Арнайы нұсқаулықтар ұсынылды. Қашықтан білім беру құралы ретінде видео-сабақтар, дербес онлайн-жұмыс, онлайн-курстар, вебинарлар мен семинарлар қолданылады.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50