04 Қыркүйек, 2013

Мәскеу соты «БТА-банкке» байланысты тағы бір адамды қамады

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 Елена Тищенко-2

Мәскеудің Тверь соты сейсенбі күні «БТА-банк» шеңберінде заңсыз алынған қаржыларды шығарып бергені және алаяқтығы үшін заңгер Елена Тищенконы қамауға алды. Бұл туралы «Қазақстан жаңалықтары» хабарлады.

Осылайша судья Алексей Криворучко оны екі айға тергеу-оқшаулығына қамап, тергеу жағының талабын қанағаттандырды.

Өзіне 6 млрд. теңгені ұрлап кетті деген айып тағылған бойда бас сауғалап, шет ел асып кеткен «БТА-банктің» бұрынғы басқарушысы Мұхтар Әбіләзовтің соңынан Тищенко да жым-жылас жоғалған еді. Іздестіре келгенде, оның ізі Мәскеуден табылды. Мұның өзі ол өткен жазда Лондондағы соттардың біріне түсініктеме беруге келгеннен кейін мүмкін болды. Ол Британиядан соң Францияға келіп, Әбіләзов қолға түсетін Экс-ан-Прованс қалашығына жол тартты. Осының арқасында қашщын олигарх та қолға түскен еді.

Сұлтан Бозайғыр.