04 Қыркүйек, 2013

Сирия оппозициясы АҚШ шабуылына жауап қайтаруға дайын

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Siriya oppoziciya«АҚШ Сирияға қарсы әскери әрекет жүргізетін болса, Таяу Шығыста орналасқан Америкалық нысандардың барлығы да жанкештілер батальондарының шабуылдарына ұшырайтын болады», – деп мәлімдеді Сирияның «Аш-Шабаб» оппозициялық партиясының бас хатшысы Махир Мирхидж. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Біз Сирия үкіметіне қарсы оппозициялық күш болғанымызбен, отанымыздың біз үшін үлкен маңызы бар. Осыған орай біз Таяу Шығыстағы Америка нысандарына қарсы операция жүргізуге дайын бірнеше жанкештілер батальонын құрдық». – деді оппозиция өкілі.

«АҚШ Сирияға қарсы шектеулі әскери операция жүргізгеннің өзінде Сирия халқы тарапынан жауап қайтарылып, бұл әрекет кең ауқымды соғысқа ұласып кетуі мүмкін», – дейді "Аш-Шабаб" партиясының басшысы. Ол сондай-ақ, Дамаскіде химиялық қаруды Сирияның ішкі оппозициясы да, үкімет әскері де қолданбағанын алға тартты. Партия басшысының айтуы бойынша, химиялық қаруды елге Түркия аумағынан кірген радикалды экстремистер қолданған.

 

Айдар Өрісбаев.