Коронавирус • 08 Сәуір, 2020

Шымкентте 14 жастағы бала COVID-19 инфекциясын жұқтырған

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8 сәуір сағат 21:15-тегі мәлімет бойынша Шымкент қаласында тағы 3 адам коронавирус індетін жұқтырған. 

Шымкентте 14 жастағы бала COVID-19 инфекциясын жұқтырған

Коронавирустық инфекция жұқтырғандармен қарым-қатынаста болуына байланысты 3 азамат карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған.  

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19  диагнозы нақтыланды.

Біреуі 2006 жылғы бала, екеуі 1967, 1971 жылғы әйел азаматы.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.     

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

08.04.2020 жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 23 адам анықталды.

 

Шымкент