04 Қыркүйек, 2013

Жапонияда «Торадзи» тайфунынан су тасқыны туындады

597 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

JapanЖапония мемлекетінің оңтүстігінде «Торадзи» тайфунынан туындаған нөсерлеп жауған жаңбыр мен су тасқынына орай 14,6 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілмек. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Жапония ұлттық метеорология басқармасы елдің оңтүстігінде орналасқан Кюсю мен Сикоку аралдарында және Хонсю аралының оңтүстік бөлігінде дауыл болуы мүмкін деп хабарлады.

Апаттың негізгі салмағы Тоттори мен Симанэ префектураларына келіп түскен. Мұнда нөсерлеп жауған жаңбырдың салдарынан Ятогавадо өзеніндегі су деңгейі қауіпті мөлшерге дейін көтерілген. Сондай-ақ 25-тен аса тұрғын үйді су басып қалған көрінеді.

Айдар Өрісбаев.