Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Словакияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Петер Юзадан, Грузияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Зураб Патарадзеден, Моңғолияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Жагир Сухээден, Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Лэ Юйчэннен және Финляндияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Илкка Унто Калерво Райсаненнен Сенім грамоталарын қабылдады.
Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Словакияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Петер Юзадан, Грузияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Зураб Патарадзеден, Моңғолияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Жагир Сухээден, Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Лэ Юйчэннен және Финляндияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Илкка Унто Калерво Райсаненнен Сенім грамоталарын қабылдады.
Мемлекет басшысы елшілерді Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық миссияларының басталуымен құттықтап, олардың қызметтері сенім мен өзара түсіністікті нығайтуға, екіжақты ынтымақтастық әлеуетін барынша арттыруға бағытталатынына сенім білдірді. «Біздің еліміз бүгінгі тәуелсіз дамудың маңызды және жауапты кезеңін бастан өткізіп отыр. Өткен жылғы желтоқсанда Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасы қабылданды. Елімізде халықаралық маңызы бар бірқатар ауқымды жобалар іске асып жатқаны мәлім. Қазақстанның түрлі құрлықтағы серіктестерінің бірлесіп күш салуымен елімізде ірі «Қашаған» мұнай-газ кен орны өндірісі енгізілейін деп отыр. «Қорғас – Жетіген» темір жолы іске қосылды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистральдік дәлізі жүзеге асырылуда. Еліміздің Ресеймен және Беларусьпен Кеден одағына және Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше болуының арқасында Қазақстан нарығының мүмкіндіктері арта түсуде. Жаңартылған және баламалы энергия көздерін дамыту үшін елімізде озық технологиялар мәселесі қолға алынып жатыр. Қазақстанның «жасыл экономикаға» өтуінің жаңа тұжырымдамасы бекітілді. Астанада «Болашақтың энергиясы» тақырыбында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін болады», деді өз сөзінде Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Елбасы Қазақстандағы ауқымды жаңалықтар экономикалық қана емес, саяси өлшемдерді де қамтитынын, бұл ретте Қазақстан өңірлік және әлемдік кезекті проблемаларды шешуге белсене қатысып отырғанын жеткізді. «Оған біздің ЕҚЫҰ-ға, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына, Еуразия экономикалық қоғамдастығына, Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына және Түркі кеңесіне төрағалық еткені дәлел. Біздің еліміз Ауғанстанды қалпына келтіру ісінде әлемдік қоғамдастыққа көмек көрсетіп келеді, сондай-ақ, Иранның ядролық проблемасын шешуіне де үлес қосуда. Биылғы жылдың көктемінде Алматыда Иран мәселесі бойынша халықаралық келіссөздер өткізілді. Қазақстан алдағы уақытта да халықаралық ілгерішіл бастамаларды қолдап, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікке өз үлесін қоса беретін болады», деді Н.Назарбаев.
Бұдан кейін Елбасы Сенім грамоталарын тапсырған елдер мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың даму барысы жайына тоқталып өтті. Мәселен, Мемлекет басшысы ҚХР-мен ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыттарының бірі болып табылатынын, бұл ретте жан-жақты серіктестік рухында екіжақты өзара іс-қимыл қарқыны ұдайы артып келе жатқанын атап өтті. «Бұл Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға алдағы алғашқы мемлекеттік сапарының нәтижесінде жаңаша дамитын болмақ. Сіз біздің халқымыздың арасындағы сенім мен өзара түсіністікті одан әрі жалғастыра беруге күш салатыныңызға кәміл сенемін», деді Н.Назарбаев ҚХР-дің Қазақстандағы елшісіне қарата айтқан сөзінде.
Ал Моңғолиямен арадағы ынтымақтастыққа тоқталған Қазақстан Президенті бұл елмен өзара іс-қимылды жан-жақты дамытуға да жете мән беріліп келе жатқанын атап өтті. «Біздің саяси үнқатысу орнатқан ведомстволық байланыстарымыз бен парламенттік ынтымақтастығымыз дамып келеді. Үкіметаралық деңгейдегі іскерлік байланыстарды жандандыруға күш салуымыз керек. Бұл ре