Кейуана қариялар үйінің тұрғыны екен. Мүмкін бұл кісі тек Нидерланд ғана емес, жалпақ жаһанда жұқпалы вирусты жеңіп шыққан ең үлкен жастағы жалғыз адам шығар.
Жарықтық жуықта ғана 107 жасқа толған мерейлі сәтін атап өткен, онымен қоймай бір топ замандастарын бастап «елімізді індеттен сақта» деген ниетпен шіркеуге барған. Барлығы 40 шақты адам. Қариялар індетті осы жерден жұқтырыпты. Әзірге бұлардың 10-ы о дүниеге аттанған.
Қызық болғанда жасы ғасырдан асқан Корнелия апамызды аурудан сауығар деп ешкім үміттенбепті. Қызғалдақтар елінде мұндай оқиға баршылық көрінеді. К.Рас апамыздан бұрын 101 жастағы тағы бір қарт ана жебір дертті жеңіп шығыпты. Ол елдің оңтүстігінде орналасқан Голландия штатының тұрғыны екен. Сол сияқты, Стенберген қаласында тұратын 103 жастағы ақсақал да дерт жұқтырып, жүйелі ем-дәрі қабылдаудан кейін құлантаза айыққан.