05 Қыркүйек, 2013

Отбасы – Отанның ошағы

1507 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Қазіргі экономиканың дамып, қазақ елі еркіндік дәмін татып, бостандық алуының жолында тәрбиелік құндылықты сақтаудың әртүрлі бағыттағы жолы қарастырылуда. Елбасының халыққа арнаған әрбір Жолдауында елдің болашағы айқындалып, даму жолы нақтыланып, тығырықтан шығудың жолдары қарастырылып келеді. Қай кезеңде де, қоғамда да, отбасында да әйелдерге сенім мен ауыр жүк артылуда. Елдің бостандығын, еркіндігін түсіну үшін сол жүктен арылудың бар мүмкіншілігін пайдалануда әртүрлі шаралар қарастырылуда.

 

Қазіргі экономиканың дамып, қазақ елі еркіндік дәмін татып, бостандық алуының жолында тәрбиелік құндылықты сақтаудың әртүрлі бағыттағы жолы қарастырылуда. Елбасының халыққа арнаған әрбір Жолдауында елдің болашағы айқындалып, даму жолы нақтыланып, тығырықтан шығудың жолдары қарастырылып келеді. Қай кезеңде де, қоғамда да, отбасында да әйелдерге сенім мен ауыр жүк артылуда. Елдің бостандығын, еркіндігін түсіну үшін сол жүктен арылудың бар мүмкіншілігін пайдалануда әртүрлі шаралар қарастырылуда.

Отбасы деген не? Оның мәні неде? Қоғамда қандай рөл атқарады?

Осы сұрақтарды жан-жақты қарас­тырып, шешу кезінде көптеген ойшылдар, ғалымдар әртүрлі пікірлер ұсынған. Мысалы, ежелгі грек ойшылы Платон «Адамдар отбасын құру үшін болашақ өмір­­­дегі серігінің қандай отбасынан шыққанын, оның әке-шешесі мен ата-бабаларын жақсы білуі қажет» деген екен. Ал Аристотель болса «Отбасы – адам­дардың қарым-қатынастарының ең бірінші түрі және ол мемлекеттің бірінші кішігірім бөлігі» деген. Классикалық неміс философиясының өкілі Кант отбасы мәселесін қарастыра отырып, ондағы адам­дардың құқықтық мәселелеріне көп көңіл бөлген.

ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап отбасына деген тарихи көзқарастар толықтырыла түсті. Мысалы, 1877 жылы шыққан «Ежелгі қоғам» атты кітабында Л.Морган отбасының тарихын, оның некелі қарым-қатынасын экономикалық, әлеуметтік дамуымен және қызметімен байланыста қарастырған. Одан кейінгі уақыттарда отбасы туралы марксистер де жазды. Соның бірі – Ф.Энгельстің 1884 жылы шық­қан «Отбасының, жеке меншіктің және мемле­кет­тің шығуы» атты еңбегі. Мұнда Ф.Энгельс от­ба­сын тарихи категория ретінде қарастырып, он­ың фор­маларының байланысын, даму жолдарын көр­сет­ті.

Француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо, швейцарлық И.Г.Песталоцци, орыс педагогтары К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, қазақтың ұлылары Абай, А.Бай­тұр­сынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Әуезов отбасы тәрбиесін көп қарастырған.

Философиялық тұрғыда «отбасы» – қоғамның ажырамас құрамы, өмірде зор мәні бар кішігірім ұйым деп саналады. Ал педагогикалық-психоло­гиялық тұрғыда «отбасы» ата-ана мен балалар арасындағы, ерлі-зайыптылардың және басқа да отбасы мүшелерінің қарым-қатынасының тарихи нақты жүйесі болып табылады.

«Тәрбие басы – тал бесік» деген даналықты халқымыз тауып айтқан. Қазақ «Ана бір қолымен бала тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» дей­ді. Осы қанатты сөздің тәрбиелік мәні тереңде жатыр.

Алып анадан туады. Ананың ақ сүтін ақтау әр перзенттің парызы ғана емес, мойнындағы қарызы. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, бір түндік ұйқысына татымайды» деген дана халқымыз. Қазақ халқындай қыздарға құрмет көрсетіп, бір үйдің көркі емес, бүкіл ұлттың ұйытқысы ретінде аялаған ел әлемде кемде-кем.

Қыздардың ақылды, тәрбиелі болуына арналған ән мен жыр, аңыз-әңгімелер ұлттық тәрбиенің негізгі өзегі болып табылған. Ұлтымыздың өткен өміріне көз салсақ, небір қилы замандар: Кеңес дәуіріндегі ұжымдастыру (1920-28 жж.), аштық (1932-33 жж.), саяси қуғын-cүргін (1937-38 жж.), соғыс (1941-45 жж.), соғыстан кейінгі қайта қалпына келтіру қазақ халқының өсіп-өнуіне үлкен зардап әкелсе де, аналарымыздың еш мойымай, тағдыр талқысына төзімділік танытып, қазақ әйеліне тән әдептілігі мен тазалығын, парасаттылығы мен сыпайылығын, мейірімділігі мен инабаттылығын сақтай отырып, ұлағатты, текті ұрпақ өсіруге, ибалы, әдепті қыз-келіндерді тәрбиелеуге, қазақ әйелі деген абыройлы атқа селкеу түсірмеуге зор ықпал еткені анық.

Ұлт болашағын қалыптастырып, алға сүйрейтін адам – әйел. Сондықтан әйелге ХХІ ғасырда ұлтының жағдайын ойлайтын, өткен тарихтағы ұлы аналардың арманын жалғастыратын, әсемдік пен махаббаттың жаршысы ретінде бар жауап­ кершілік жүктеледі. Кәмшат Дөнен­баева, Зылиха Тамшыбаева, қазақ өнерінің қос қарлығашы Күләш пен Шара – үлгі тұтарлық тұлғалар.

Бір кездегі ұлағатты бәйбішелердің келінге қоя­тын талаптарының барлығы отбасы тәрбиесінің не­гізінде жүзеге асқан. Жаңа түскен келін сол ай­мақ­­тың жоғын жоқтап, намысын ту етіп тігіп, «қай­наға», «қайын сіңлі», «жеңге», «абысын» деген ұғым­дарға ерекше мән берген. Осындай тәрбие ұр­пақ­­тан ұрпаққа жалғасқан. Келін бір шаңырақтың ғана қуанышы емес, ауыл-аймақтың қуанышына айналған.

Қазіргі қазақ баласының мінез-құлқының қалып­­­тасуында отбасылық тәрбие басым болуы керек. Әрине, ол шаңырақтан бастау алады. Отбасынан бас­талған тәрбие бертін келе баланың санасына әсер етіп, одан болашақта елін сүйетін ұлтжанды тұлға өседі. Жалпы, ұлт деңгейінде қарайтын болсаңыз, кеңес­тік дәуірде отбасында бала тәрбиелеуде шектеу бол­ған. Ол қазақ ұлтының санасында қабілетсіздікті, жас­қаншақтықты тудырды, яғни «ол нәрсені мен істей алмаймын» деген сенімсіздік, жалтақтық пайда болды. Ал «Келін түсіру», «Қыз ұзату», «Жаңа отау құру» – үлкен ұлағатты әдеттердің барлығы өткеннің қалдығы деп түсіндірілді. Кеңес дәуірінде отба­сы­ның құндылығы да мүлдем басқаша қа­лыптасты. Біз әлі содан арыла алмай келе жатырмыз. Сондықтан қазақ халқының қалыптасқан отбасын құрудағы тәрбиелік мәні күшті салты мен әдет-ғұрпын, ұла­ғатты аналардың қалдырып кеткен үлгісін қайта жаңғыртуымыз керек.

Баланың келешекте жақсы адам болуына сыртқы орта факторлары, оның ішінде, негізгісі – тәрбиенің алатын орны зор. Қазақ халқында мынадай сөз тіркестері бар: «тегіне қарап» немесе «тегі мықты», тағы сол сияқты. Яғни бұл жерде «тегі» деген сөз ғылыми тілде айт­қанда – «гені» деген сөз. «Шешесін көріп, қызын ал» деген халық мәтелі тегін айтылмаған. Тәрбиенің негізгі көзі анасында, оның тектілігінде. Отбасын құруға ата-анасы, ауылы мен елі араласып, ұзатылатын қыз бен түсетін келіннің тектілігі анықталған. Бұл – философиялық категория. Қыздары еркіндікте бұлаң болып, жарына адал баруына ата-анасымен бірге ортасы да жауапты болған. Сондықтан қазақта тірі жетім болмаған.

Қазақтың құда түсуі кездейсоқ ұғым емес. Қызына «тастай батып, судай сің» деп бата берген. Қазіргі жолдан қосылған жігіт пен қыз отбасының тұрақсыздығы сондай үлгінің кемістігінен болар.

Қазақта жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрі жүйелі түрде дамыған. Бұл дәстүрді шетелдің беделді ғалымдары да ұлттық құндылық деп бағалайды. Өйткені, адам организміндегі көптеген гендік мутациялар (өзгерістер) осы туысаралық немесе қандас некелер арасында туындайды. Мұны қазақ ерте заманда байқаған, жеті атаға дейін қыз алуға тыйым са­лып отырған. Сондықтан, ұрпағы текті, дарынды болған.

Халқымыз қызды еркелетіп, қолпаш­таумен бірге, «Қызға қырық үйден тыю» деп, болашақ жар, адал келін болу үшін қыздардың тәрбиесіне ерекше мән берген. Сол секілді «Беташар», «Үлкендерге сәлем беру», «Шілдехана», «Ат қою», «Бесікке салу», «Қырқынан шығару», «Тұсаукесер», өзге де салт-дәстүрлер отбасының бекуіне негіз болған.

Қазақ қыздары отбасын, әке-шешесін, ағайын-туыстарын құрметтеп, отбасы бірлігін сақтаған.

Үлгілі келін, тәрбиелі қыз өсіру – қазақ бәйбі­шелерінің педагогикалық қалып­тасқан ұжымдық тәрбиесінің жемісі. Кешенді тәрбиенің үлкен мағы­насы отбасы мүшелерінен басқа туған-туыстарына ат қоюдан көрінеді. Ол ұлттық тәрбиенің кепілі де. Жаңа түскен келіннің іскер, инабатты, ізетті, мейірбанды болуы да отбасы тәрбиесінен. Олар өз үйінен алған тәрбиесін келген жерінде сол отбасының қалыптасқан әдет-ғұрпына үйлестіріп, жақсы келін атануға тырысқан. Осы айтылған әдет-ғұрыптарды жастардың бойына сіңіру болашақ жақсы ұрпақтың қалыптасуының негізі болып табылады.

Қазіргі таңда отбасын құруға ұлттық немесе қандай да бір басқалай әлеуметтік тосқауыл жоқ. Сондықтан, жастар жолдас таңдағанда, оның бойында өзіне ұнайтын мінез қырларын табуға тырысады. Болашақ отбасын құруда ерлі-зайыптылардың жас ерекшелік дайындығы ғана емес, олардың психологиялық даярлығы да маңызды. Болашақ шаңырақ иелерінің бір-бірін толық танып, жақсы түсіністік қарым-қатынаста болуы өте маңызды. Отбасының берік болуы болашақ ерлі-зайыптылардың өзіне байланысты. Олар болатын қиыншылықтарды алдын-ала сезіп, саналы түрде соны жеңіп шығуға бел бууы қажет. Әрине, отбасында түрлі экономикалық, әлеуметтік және жеке тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты мәселелер туындамай тұрмайды. Ондайдың соңы отбасының ыдырауына әкеп соғатыны да бар.

Отбасы құндыл