Аймақтар • 09 Сәуір, 2020

Алматының таулы аймақтарындағы қар 4 см-ге жетті

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәуірдің алғашқы онкүндігінде солтүстік облыстарды әбірге салған қарлы боран Алматыға да келіп жетті.

Алматының таулы аймақтарындағы қар 4 см-ге жетті

Дәл осы сәттерде мегаполисте қар үдеп жауып тұр. Әсіресе, табиғаттың тосын мінезі қаланың тауға жақын аймақтарында анық білінеді.

Сонымен, 9 сәуір күні сағат 03.00-ден кейін Алматы басталған жаңбырдың соңы қарға ұласып, алдымен таулы аймақтарға ақ ұлпа түсті. Сағат таңғы 10.00-ға қарай таулы аудандарда 4 см қар түсті.

Қарғын су мен көктайғақтың алдын алу мақсатында 397 бірлік арнайы техника, оның ішінде 37 құм төгетін машина жұмылдырылды. Сондай-ақ бұл жұмысқа 20 мотопомп және 866 жол жұмысшылары тартылды.

Қаланың жоғарғы бөлігінде тайғаққа қарсы 15 тонна мөлшерінде құм аралас материалдар себілді.

Қала және аудандық әкімдіктерде қар тазалау жұмыстарын жүргізу үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

 

 

АЛМАТЫ