Облыс аумағында бүгінгі күнге дейін күшейтілген төтенше жағдай талабын бұзған 233 нысанға әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 476-бабына сәйкес хаттамалар толтырылып, жергілікті сотқа жолданған. Сот шешімімен 157 тұлғаға 10 АЕК есебінде айыппұл салынып, 53 адам қамауға алынған. Қамауға алынғандар, әсіресе, Кентау (9) мен Арыс қаласында (7) және Жетісай ауданында (7) көп. Сондай-ақ Бәйдібек ауданында -2, Қазығұрт ауданы-5, Мақтаарал-2, Ордабасы-2, Отырар –3, Сарыағаш-4, Келес-3, Түркістан қаласы - 4, Сайрам - 2, Төлеби-1, Түлкібас-1, Созақ ауданында бір адамды қамауға алу шарасы қолданылған.
Ал облыс орталығы Түркістан қаласы бойынша 41 (қоғамдық тамақтану орындары-15, сауда орындары-8, азық түлік дүкені-15, шаштараз-2, тігін цехы-1) әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтырылып, сотқа өткізілген. Оның 37-сіне айыппұл салынып, 4 адам қамауға алынған.
Түркістан облысы