Аймақтар • 09 Сәуір, 2020

Қазалыда үш азамат әкімшілік қамауға алынды

447 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазалы аудандық сотында құқық бұзған үш азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 476-бабының 1-тармақшасымен әкімшілік іс қаралды.

Қазалыда үш азамат әкімшілік қамауға алынды

Сот отырысында анықталғандай, олар 7 сәуір күні жергілікті уақытпен сағат 8:00-де Қазалы ауданы аумағына кіруге және шығуға тыйым салынғанына қарамастан төтенше жағдай режимін бұзып, бақылау бекетін айналып, Арал ауданына өтпекші болған.

Сот қаулысымен үш тұрғын да ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 1-тармақшасымен кінәлі деп танылып, 3 тәуліктен әкімшілік қамаққа алынды.