Биылғы ғылыми жобалар конкурсы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп, ұлы ғалым, философ әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған екен. Осы байқауға қатысып, бақ сынаған талдықорғандық қос оқушы – Альмира Мендібек пен Дильназ Серикова салицил қышқылының Қазақстанда өсірілетін дақылдардың өсуіне және дамуына әсерін зерттеді.
- Астық өндірісінің даму деңгейі әрқашан кез-келген елдің экономикалық тәуелсіздігі мен әл-ауқатының басты сипаттасы. Ал біздің еліміз бидай өсіруден алдыңғы қатарда. Яғни, ғалымдардың жұмысы осы астық шаруашылығын дамытуға бағытталуы керек. Болашақта осы бағытта жұмыс жүргізе береміз. Ал ғылыми жоба бойынша зерттеу барысында салицил қышқылының дақылдарды, атап айтқанда бидайдың өсуін тездететіні анықталды. Осылайша, біз салицил қышқылы өсімдіктердің өсуі үшін үнемді және тиімді әдіс болады деген қорытындыға келдік, - дейді жас ғалымдар.
Жалпы, Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі 2015 жылдан бастап Беларусь елінің және еліміздің ұлттық университеттерінің ғалымдарымен тығыз ынтымақтастықта. Осы жылдар ішінде оқушылар ғалымдармен жұмыс барысында бірқатар ғылыми байқаулар мен жарыстардың жеңімпаз атанды.
Алматы облысы