05 Қыркүйек, 2013

Халық үшін жасалған еңбектің қайтарымы

350 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Тараз қаласында тұратын Тәжібаевтар отбасынан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Өз хатында авторлар Мемлекет басшысына қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін жақсарта түскен тиімді саясаты үшін алғыс білдірген.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Тараз қаласында тұратын Тәжібаевтар отбасынан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Өз хатында авторлар Мемлекет басшысына қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін жақсарта түскен тиімді саясаты үшін алғыс білдірген.

«Атап айтқанда, Сіздің идея­ңыз­дың бірі – Астана қаласы Қа­зақстан Республикасының әкім­шілік орталығына айналып қана қоймай, озық технологиялар, ғылым мен медицина орталығына да айналды. Біз бүкіл отбасымызбен Сіздің еңбегіңіздің куәсі болдық», – делінген хатта.

Сондай-ақ, Тәжібаевтар отбасы хатта 2013 жылы шілдеде Аста­надағы Ұлттық ғылыми кар­дио­хирургиялық орталықта жүрек ауруы диагнозы қойылған Ардақ Сериеваға операция сәтті жасалғанын мәлімдеген. Бұл ауруды ең заманауи медициналық жабдықтардың болуы мен хирургтің араласуы арқылы ғана емдеуге болатын.

Авторлар Орталық ұжымының, операция жасаған дәрігерлер Ю.Пя мен Д.Бикташеваның еңбегін ерекше атап өткен.

«Орталықта болған бірнеше күн ішінде біз көптеген адамның қуанышты жүзін көрдік. Ұжым бір күнде бірнеше операция жасайды екен және оның бәрі де сәтті өтуде. Қазақстан Республикасының азаматтарына квота бойынша тегін емделу қарастырылғаны үшін Сізге тағы да алғыс айтамыз», – делінген хатта.

Соңында Тәжібаевтар отбасы Мемлекет басшысына денсаулық және Қазақстан халқының игілігі жолындағы еңбегіне мол табыс тілеген.  

Соңғы жаңалықтар

Түтінге тұншыққан Өскемен

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Айрықша аквамәдениет

Шаруашылық • Бүгін, 08:45

Азаматтық ұстаным

Саясат • Бүгін, 08:43

Ел өркендеуінің жаңа бағдары

Саясат • Бүгін, 08:38

Жұмысшы құқы неге бұзылады?

Құқық • Бүгін, 08:30

Тарихи таңдау

Пікір • Бүгін, 08:28

21 шетелдік байқаушы аккредиттелді

Референдум • Бүгін, 08:17

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:15