Аймақтар • 09 Сәуір, 2020

Қызылорда: Кәсіпкер көмек көрсетті

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сырдария ауданында  #BizBirgemiz акциясы аясында Nur Otan партиясының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер Расул Есенов  250 отбасыға көмек көрсетті.

Қызылорда: Кәсіпкер көмек көрсетті

Осыған дейін де қиналғанды қамқорлықтан шет қалдырмаған кәсіпкер   бұл жолы әр отбасыға 10 келі күріш, 2 литрлік күнбағыс майы және 5 келі макарон таратты.

- Бұл кезең бәріміз үшін сынақ. Осы уақытқа дейін елімізде төтенше жағдай жарияланған емес. Осыдан да көп адам қиналып қалып жатыр. Сондықтан да тығырықтан бірге шығудың жолын қарастырып, бір-бірімізге қолдау танытуымыз керек, – дейді кәсіпкер.

Қазір ауданда 8 тұрғыннан вирус белгісі табылып, бірқатар шектеу шаралары жасалды. Бұл ең алдымен әлеуметтік жағынан аз қамтылғандар үшін қиын тиетіні белгілі. Сондықтан да көмек алғандар осындай қысылтаяң сәтте қолұшын созған кәсіпкерге ризашылығын білдірді.