Әлем • 09 Сәуір, 2020

Аустралия ғалымдары коронавирусты 48 сағатқа бәсеңдететін препарат әзірледі

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аустралияның Monash University мен Мельбурндегі корольдік ауруханасының ғалымдары вирустың күшеюін бәсеңдетуге және алдын алып, адамдарға таралуын шектеуге ықпал ететін препараттың зертханалық жағдайдағы мүмкіндіктерін анықтады.  

Аустралия ғалымдары коронавирусты 48 сағатқа бәсеңдететін препарат әзірледі

Ивермектин деп аталатын препарат SARS-CoV-2 вирустық жүктемесін азайтуға көмектеседі. Зерттеулер барысында вирусқа қарсы әсері бар ивермектиннің SARS-CoV-2 48 сағатқа дейін тежеу  мүмкіндігі анықталды. Ғалымдар ивермектиннің коронавирусты жұқтырған жасушаларға әсерін зерттеп, оның инфекциядан кейінгі әсеріне сараптама жасады. Нәтижесінде коронавирусты жұқтырған жағдайда препаратты қолдану мүмкіндігі бар деген шешімге келген.