Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2020 жылдың 31 наурызы аралығындағы жинақталған жарнаның жалпы сомасы 371 млрд теңгеден асады.
«Медициналық сақтандыру қорына жарна аударуда елордалық жұмыс берушілер көшбасында деуге болады. Елордалықтар 2020 жылдың 1-31 наурызы аралығында медициналық сақтандыру үшін 2,3 млрд теңгеден аса жарна аударған. Олардың жарналары мен аударымдарының қомақты бөлігі – 1,5 млрд теңгеден астамы жұмыс берушілердің аударымдары, ал 8,1 млн теңгеден астамы – жеке кәсіпкерлерден түскен жарналар», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Айдар Сейітқазинов.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түкен барлық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары, яғни жинақталған қаржы, Ұлттық банкпен арада жасалған сенімгерлік басқару туралы келісімшартқа сәйкес, Ұлттық банкте сақталады да, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады.