5-6 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Түркіменстан Мәжілісінің Төрайымы Акджа Нұрбердыеваның шақыруы бойынша Түркіменстанға ресми сапармен барады.
5-6 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Түркіменстан Мәжілісінің Төрайымы Акджа Нұрбердыеваның шақыруы бойынша Түркіменстанға ресми сапармен барады.
Қ.Мәми Ашғабадта Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен және Түркіменстан Мәжілісінің Төрайымы Акджа Нұрбердыевамен кездеседі.
Сонымен қатар, Сенат Төрағасы Қ.Мәмидің Түркіменстан Сыртқы істер министрлігінің халықаралық қатынастар институтында сөз сөйлеуі жоспарлануда, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.