Аймақтар • 09 Сәуір, 2020

«Еfes Kazakhstan» қазақстандықтарды қолдауға 45 миллион теңге бөледі

204 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстанның сыра қайнатуда жетекші компаниясы саналатын «Efes Kazakhstan» басшылығы корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына сүйене отырып, қоғамдық тамақтану саласындағы қазақстандық кәсіпорындарды қолдауды және халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан республика тұрғындарына көмек көрсетуді бастайтынын хабарлайды.

«Еfes Kazakhstan» қазақстандықтарды қолдауға 45 миллион теңге бөледі

Бұдан басқа, біздің көмегіміз қазіргі уақытта отандастарымыздың өмірі мен денсаулығы үшін күресіп жатқан медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталатын болады. Бұл «EFES» корпорациясының коронавирус пандемиясын тежеу үшін шектеу шаралары күшейтіліп, бүкіл әлем қиын кезеңдерді бастан кешіп жатқанда қоғамдық тамақтану саласын және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған жаһандық бастамасы. Сонымен «Efes Kazakhstan» компаниясы басшыларының шешімі төмендегідей.

«Efes Kazakhstan» командасы жүйелік және ірі ойыншы ретінде аралас салалар үшін ортақ жауапкершілікте болады, сондықтан да біз қиын жағдайда қалған қазақстандықтарды қолдау ісіне өз үлесімізді қосқымыз келеді. Осыған байланысты қоғамдық тамақтану саласының қызметкерлеріне (ваучерлер мен азық-түлік себеттері) көмек көрсету туралы қабылданған шешім туралы жариялаймыз. Қазіргі уақытта сала елеулі шығындар мен шығыстарды басынан өткеруде. Көптеген даяшылар, бармендер және басқа да қызметкерлер жұмыссыз қалып отыр. Сонымен қатар, азық-түлік жиынтығымен қамтамасыз етілетін аз қамтылған азаматтар әлеуметтік көмекке және қолдауға мұқтаж. Сонымен қатар, «Пинта» мейрамханалар желісімен біріге отырып, Алматы қаласының И. С.Жәкенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының медицина қызметкерлерін күнделікті ыстық тамақпен қамтамасыз ететін боламыз. Бүгінде барлығымызға: бизнеске, мемлекетке және азаматтарға бір-бірінің қолдауын сезіну, өз денсаулығына ұқыпты қарау, жақын адамдарға қолдау көрсету өте маңызды. Біз бірге осы қиын жағдайдан аз шығындармен шығамыз. Компанияның бастамасы бойынша аталған қолдауға 45 млн теңге мөлшерінде жалпы сома бөлінді. Бұл сома қалыптасқан тізімдерге сәйкес компания өкілдері мен серіктестердің күшімен мекен-жайлық атаулы көмек көрсетуге пайдаланылатын болады. Науқан ұзақтығы – 2020 жылдың сәуір-мамыр айлары.

Жоба серіктестері:

  1. «Magnum cash & carry» ЖШС «Я Алматинец» ҚБ – мен бірлесіп-халықтың осал топтарына азық-түлік себеттерін жеткізу;
  2. «Пинта» мейрамханалар желісі – медицина қызметкерлеріне ыстық тамақ жеткізу;
  3. «Рамстор Казахстан» ЖШС – азық-түлік сатып алуға ваучерлер;
  4. «The Froot Company» – көмекке мұқтажн тұрғындарға азық-түлік себеттерін жеткізу.

«Efes Kazakhstan» компаниясының атынан біз қазақстандықтарды елдегі төтенше жағдай кезінде өз денсаулықтарыңызды сақтауға және үйде болуға шақырамыз.

 

АЛМАТЫ