Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Жоғары қаржы-бақылау органдары басшылары кеңесінің ХІІІ сессиясына қатысу үшін Астанаға келген ТМД елдері Есеп комитеттері төрағаларының делегациясымен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қ.Мәми Кеңестің мемлекетаралық байланыстарды дамытудағы және мемлекеттік қаржы-бақылаудың тиімділігін арттырудағы рөлін атап өтті.
Оның айтуынша, Қазақстанда ойластырылған және ұқыпты бюджет-қаржылық үдерістеріне ерекше маңыз беріледі. Сенат Төрағасы парламенттік бақылаудың маңызды бағыттарының бірі – еліміздің бюджетін қалыптастыру және оның атқарылуын бақылаудағы Есеп комитетінің белсенді рөлін атап өтті. «Біздің ортақ және басты міндетіміз – бюджетті және мемлекеттік, салалық бағдарламалар мен инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген мақсатты трансферттерді орындаудың мейлінше тиімділігіне қол жеткізу», – деді Төраға.
Қ.Мәми Кеңеске қатысушыларға жоғары қаржы-бақылау органдары арасында сындарлы үнқатысу мен әріптестік қатынастардың пәрменді үлгілерін әзірлеуге тілектестігін білдірді.