Аймақтар • 09 Сәуір, 2020

Алматы: Бейсенбіде 3 адам кеселінен құтылып, ауруханадан шықты

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 9 сәуірге дейін Алматыда коронавирустық инфекция жұқтырғаны зертханалық түрде расталған 121 жағдай тіркелді.

Алматы: Бейсенбіде 3 адам кеселінен құтылып, ауруханадан шықты

Жаңадан анықталған 1997 жылы туылған бірінші пациент 27 наурызда Санкт-Петербург-Алматы рейсімен ұшып келген.  Келген соң ол карантинге емдеуге жатқызылып, инфекцияға талдаулар алынған болатын. Бірінші талдау теріс нәтиже бергенімен, бір рейсте жақын жерде отырған жолаушының диагнозы оң нәтиже беруіне байланысты, оны 14 күндік карантинге оқшауланған. 8-ші күні карантинге қайта талдау алынғанда нәтиже оң болды. Қазір пациенттің жай-күйі қанағаттанарлық, аурудың жеңіл ағымы ретінде бағалануда.

Екінші 57 жастағы әйел – бұл бұған дейін анықталған науқаспен байланыста болғандардың бірі. Денсаулығы бірқалыпты.

Қазіргі уақытта Алматыда инфекциялық стационарда (1 облыстық) КВИ бар 96 пациент бар, оның ішінде 4-уі бала. 72 науқастың жай-күйі – қанағаттанарлық. Жасы келген 2 науқастың жағдайы өте ауыр, 4 адамда – ауыр, 18 ересек адамның жағдайы  орташа (1 облыстық).

Бүгін тағы үш пациент жазылып шықты, оның ішінде 1993 және 1985 жылы туылған екі әйел және 25 жастағы жас жігіт. Бірінші әйел 13 наурызда Берлин–Минск–Алматы чартерлік рейсімен, екінші әйел 23 наурызда Ыстамбұл–Мәскеу рейсімен және үшінші адам 26 наурызда Ыстамбұл–Мәскеу рейсімен ұшып келген.

Мегаполисте кеселден сауыққан пациенттердің саны 26 адамды құрайды. Провизорлық госпитальдарда 9 сәуірге 301 адам, оның ішінде 34 бала бар. Карантиндік оқшаулауда 388 азамат (41 бала) жатыр, үйде– 5217 адам.

 

 

АЛМАТЫ