Әлем • 09 Сәуір, 2020

Түркияда вирус жұқтырғандар саны 38 мыңнан асты

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияда коронавирус жұқтырғандар саны күн санап еселенуде. 

Түркияда вирус жұқтырғандар саны 38 мыңнан асты

Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сай, 9 сәуірде вирус жұқтырғандар саны 38 226 мыңға, қайтыс болғандар саны 812-ге жетті. 1 491 кісінің жағдайы ауыр. Алайда жақсы нәтиже де жоқ емес. Министрлік 1 846 адамның дерттен жазылып шыққанын хабарлады.

Ақпаратқа сүйенсек, 8 сәуірде 24 900 адамға тест жасалып, оның 4 117-сінен вирус анықталған. Кеше 87 адамның вирустан қайтыс болғаны мәлім болды. 264 адам жазылып, ауруханадан шыққан.

Коронавирус жұқтырғандар Ыстанбұл қаласында көп. Ресми мәлімет бойынша, онда 12 231 адам тіркелген. Одан кейін Түркияның ірі қалаларының бірі Измир тұр. Онда 1 105 науқас, ел астанасы Анкарада 860 кісі тіркелген.

Түркия Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа қайтыс болғандардың көбі 50 жастан асқан азаматтар екенін хабарлады.