Жалпы Мақтаарал ауданында кенттер мен ауылдық округ әкімдіктері тарапынан Ұлы отан соғысы ардагерлерінің, көп балалы отбасылардың, жалғызілікті аналардың тізімі жасақталып, мұқтаж жандарға антисептикалық құралдар, медициналық маскалар және бірінші кезекте қажетті өнімдер мен азық-түліктер таратылуда.
Сондай-ақ Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері «Біз біргеміз!» акциясы аясында салық және кеден саласының ардагерлеріне күнделікті қажетті азық-түліктерді үлестірді. Ардагерлерге сақтық шараларын сақтап, мейлінше үйде болу қажеттігін ескертті. Департамент өкілдері мемлекет тарапынан індетті таратпау, елдің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау мақсатында атқарылып жатқан кешенді жұмыстарды қолдай отырып, қиын сәтте қоғамға қолдан келген көмекті көрсету азаматтық парызы санайды.
Түркістан облысы