05 Қыркүйек, 2013

Ата-ананың тірегі – бала

1734 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Әлбетте, адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ержетіп өсуі, бойындағы адамгершіліктің орнығуы, туған үйдің жылуы – оның көкірегінде жылдар бойы сақталып, әр кез есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі».

Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қаты­на­сы, мәдениет иірімдері бәрі де отбасы, ошақ қасынан болады. Сон­дықтан, отбасы – қасиетті де киелі. Оның орнын ешнәрсемен өз­гертуге, не ауыстыруға болмайды.

Отбасы – сыйластық, жарастық ортасы. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы баспалдағы.

Біздің Бесқарағай ауылында да өзгеге үлгі боларлық көпбалалы отбасылар жетіп артылады. Осынау құрметке лайықтар қатарына омырауларына «Алтын алқа» таққан Әлдекеновтер, Ибрагимовтар, Қалымовтар, Исабаевтар һәм бас­қа да үлгі тұтарлық жанұяларды жат­қызуға болады. Осы күндері ұлын ұяға, қызын қияға қондырып отырған отбасыларға қандай құр­мет көрсетсе де артық болмайды.

Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуі берекелі отбасының еншісінде. Отбасының әрбір мүшесі береке-бірлікке ұйып, әр іске сүйіспеншілікпен араласса, босағасы мықты, шаңырағы биік болары сөзсіз.

Ауылымыздағы Серікбай Әлде­кенов пен Гүлсім Омарова көбімізге үлгі. Зейнеткерлікке әлдеқашан шықса да отағасы Серікбай ақсақал әлі күнге дейін шаруашылықта мал бағумен айналысады. Сол қажырлы еңбегінің жемісін көріп отыр. Ауыл экономикасын өркендетуге өз үлесін қосып, абыройға бөленуде.

«Ата – асқар тау, ана – бауыр­дағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ», деген даналық сөз­ден алар тағылым аз емес. Және шындығы да осы ғой. Ауылы­мыздың ақсақалдары, ақ жаулықты аналары ағайын-туыс арасының берекесі, ақылшысы болып келеді. Олардың әрқашан да мәртебесі биік, сый-құрметке лайық. Өйткені, үлкенді сыйлауды, қадір тұтуды қазақ баяғыдан қалыптастырған. Ұлт салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі мол адамды сыйлаумен қатар, басшы деп таныған. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдауды көргенділік деп білген.

Дәстүрлі қоғамда ата-әженің тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған. Ата-әжелер өз ұрпағын немере-шөберелерін ұлт руханиятымен байытып отырған.

Қазақ дәстүрінде тұңғыш немере атасы мен әжесінің бауырында өскен. Сондықтан да, немересін өз балаларынан да артық көріп, тәрбиелеген. Кейде тұңғыш немере кенже ұлының орнын басып, атасының қара шаңырағына ие болып та қалатын жайт кездеседі.

Әке – әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. От­басындағы ұл тәрбиесінде әке орны ерекше.

Абзалы отбасы – өмірге келген әр адамның тірегі ғана емес, қоғамның, елдің алтын арқауы, берік тұғыры екенін әрқайсымыз сезінуге тиістіміз.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ.

Павлодар облысы,

Лебяжі ауданы,

Бесқарағай ауылы.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:15

Қысқы Олимпиада мәреге жетті

Олимпиада • Бүгін, 08:00