Аймақтар • 09 Сәуір, 2020

Үлбінің суы тәулігіне 3 см көтеріліп келеді

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемендегі төтенше жағдайлар басқармасы, ТЖ департаментіне қарасты Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мамандары мен қала әкімдігі облыс орталығының маңайындағы өзен-суларға жыл сайын мониторинг жүргізеді деп хабарлады Өскемендегі төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі.

Үлбінің суы тәулігіне 3 см көтеріліп келеді

Күніне үш мәрте су деңгейі туралы ақпарат белгілі болады. Қазір Үлбі өзені тәулігіне 3 сантиметр көтеріліп келеді. Ондағы су деңгейі 562 сантиметрге жеткен. Ал бұл өзеннің су деңгейінің шектік мөлшері - 800 сантиметр.

«Жағдай әзірге тұрақты. Өзендердегі су деңгейінің күрт көтерілу жағдайы тіркелген жоқ. Маховка өзені ағып өтетін Солнечный ауылындағы су жинаушы тоғанда тасқын қаупі жоқ», - делінген басқарма ақпаратында.