Аймақтар • 09 Сәуір, 2020

Карантиннен кейінгі Алматыда 26 мың адам жұмыспен қамтылады

293 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыда Президенттің «Жұмыспен қамту жол картасы» жобасын жүзеге асыру туралы тапсырмасына байланысты Алматы қалалық әлеуметтік әл-ауқат Басқармасының басшысы Рахат Шимашева, Алматы қалалық кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Әлібек Ашметов және қаладағы Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова онлайн брифингке қатысып, БАҚ өкілдерінің осы мәселеге қатысты сауалдарына жауап берді.

Карантиннен кейінгі Алматыда 26 мың адам жұмыспен қамтылады

– Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша инфрақұрылымдық жобаларда жұмыс орындары құрылатын болады. Айта кету керек, бұл жұмыстардың іске асырылуы карантин кезеңінде де тоқтамаған еді.

Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 214 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Мұнда 26 мың жұмыс орны ашылады. 

Атап айтқанда, 9 мектеп, жұмыс істеп тұрған мектептерге қосымша 13 құрылыс нысанын салу және 520 орынға арналған 3 балабақшаның құрылысы басталады. 95 балабақшаға жөндеу жұмыстары басталады. Сондай-ақ №7 қалалық аурухананы тағы 64 төсек-орынға кеңейту жоспарлануда. 

Бірқатар жобалар инженерлік-көлік инфрақұрылымын, ТКШ желілерін кеңейту мен жаңғырту, аумақтарды абаттандыру мақсатында іске асырылатын болады. Мысалы, Наурызбай ауданында сумен жабдықтаудың жаңа желілерінің құрылысы басталады. Сондай-ақ Алатау ауданының төрт ықшамауданында және Түрксіб ауданының бір ықшамауданында жол құрылысы басталады. 

Бүгінде барлық аудандардағы жолдарда орташа және ұсақ жөндеу жұмыстары басталды. Атап айтқанда, 363 аулаға күрделі жөндеу және қоғамдық аймақтарға абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. 

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» іске асырылғаннан кейін жаңа нысандардың құрылысы есебінен 2045 жаңа тұрақты жұмыс орындары ашылады, деді Алматы қалалық әлеуметтік әл-ауқат Басқармасының басшысы Рахат Шимашева.

Сондай-ақ, брифинг барысында Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова қандай мекемелер мен компанияларда карантин күндерінде жұмысшылар мен қызметкерлерге сұраныс бар екендігін атады.

Қандай да бір мүдделі сұрақтар туындаған жағдайда Алматыдағы Халықты жұмыспен қамту орталығының төмендегі телефондары мен әлеуметтік желілерімен байланысуға болады:

Телефондары: +7 (727) 224-20-00, 221-66-11 

Электронды пошта: centr_almaty@mail.ru

Telegram @enbek_almaty_bot

Instagram @centr_zanyatosti_almaty

Facebook @ cznalmaty

В Контакте @centr_zaniyatosti_almaty

Twitter @ CZN_ALMATY

 

 

АЛМАТЫ