Бағамдар ауытқуларына орай қалай тез әрекет етуге болады?
Әдетте көпшілігіміз биржалық мәліметтерді аса қадағалай бермейміз, алайда валюта бағамдарының өзгерісі зейнеткерлер, ұстаздар, дәрігерлер, полиция қызметкерлерінен бастап кәсіпкерлер мен қаржы мамандарын да толғандырады. Және оларды тәжірибесі, білімі мен жеке жинақтаған капитал көлеміне тәуелсіз бір ғана сұрақ мазалайды: ақшаны қалай сақтауға болады? Осы сұрақты біз сарапшы, «Альянс Банкі» АҚ бөлшек бизнесті дамыту департаментінің директоры Марина Нүрпейісоваға жолдадық.
Бағамдар ауытқуларына орай қалай тез әрекет етуге болады?
Әдетте көпшілігіміз биржалық мәліметтерді аса қадағалай бермейміз, алайда валюта бағамдарының өзгерісі зейнеткерлер, ұстаздар, дәрігерлер, полиция қызметкерлерінен бастап кәсіпкерлер мен қаржы мамандарын да толғандырады. Және оларды тәжірибесі, білімі мен жеке жинақтаған капитал көлеміне тәуелсіз бір ғана сұрақ мазалайды: ақшаны қалай сақтауға болады? Осы сұрақты біз сарапшы, «Альянс Банкі» АҚ бөлшек бизнесті дамыту департаментінің директоры Марина Нүрпейісоваға жолдадық.
– Қаражатын сақтағысы келетіндерге айтар әмбебап кеңесіңіз бар ма?
– Әрине, бар және бұл кеңесті жетекші банктердің барлығы дерлік ұсынады: «Барлық жұмыртқаны бір себетке салмау керек». Бұл нақылдың танымалдығы соншалық, оған кейде жете мән бермей жатамыз. Алайда, «сақ болсаң, сақтанасың» деген де бар.
– Дұрыс. Бірақ тәжірибеде қалай пайдаланамыз?
– Тәжірибеде ақшаны сақтаудың валюта бағамдары өзгерісінің жинақ мөлшеріне тигізер әсері өте төмен деңгейде болатын тәсілін таңдап алу қажет.
– Әртүрлі валютада бірнеше салым ашу арқылы ма?
– Қажеті қанша? Альянс Банкте салымды бірден төрт валютада: теңге, АҚШ доллары, еуро және Ресей рублінде сақтауға болатын мультивалюталық депозит бар. Депозит ақшаны жоғары пайызбен сақтауға және көбейтуге мүмкіндік береді. Тіпті азғантай сомадан – 15 000 теңге немесе шетел валютасындағы баламасынан бастап жинақтауға болады, яғни бастапқы жарна көп емес.
– Ол ақшаны бір валютадан екіншісіне тез аудару мүмкіндігі бар ма? Өйткені, қазір көп адамдарды валюта бағамдарының жылдам өзгеріп кетуі алаңдатады. Мұндай мүмкіндік салымшыға психологиялық жайлылық берер еді...
– Біздің мультивалюталық депозитіміздің шарттары интернет-банкингтің көмегімен санаулы минуттарда бір валютадан екіншісіне аударымдар жасауға мүмкіндік береді. Бұл ретте салымшы өз қаражатын әлемнің кез келген нүктесінде тәулік бойы басқара алады. Егер клиент курортта демалыста жүрсе немесе іссапарда болып, валюталардың бірінің бағамы өзгергендігі туралы мәлімет алса, онда ол бірден өз салымын басқа валюта түріне аудара алады.
Айта кетерлік бір жайт бұл өте ыңғайлы, салымыңыздың валютасын айырбастау үшін, шұғыл бар жұмысыңды тастап, банктің жақын жердегі бөлімшесіне барудың қажеті жоқ.
Альянс Банкте www.alb24.kz интернет-банкингіне кіріп, салым сомасын аудару операциясын жүзеге асырсаңыз жеткілікті. Біздің көптеген клиенттеріміз өз жинақтарына қашықтықтан бақылау жасай алады – тіпті жағажайда немесе іссапарда болса да, қаржы рыногындағы жаңалықтар оларды бейжай қалдырмайды.
Депозитті толықтыру және одан қаражатты мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі қарастырылған. Клиент ақшасын өзіне қажет болған кезде ала алады. Және сыйақы салымның негізгі мөлшерлемесі бойынша нақты сақталған мерзімге есептеледі.
– Депозит қаражатты жинақтаудың ғана емес, оны көбейтудің де құралы бола ала ма?
– Әрине, болады. Өйткені атап өткендей, сыйақының жоғары мөлшерлемесімен қоса, теңгедегі салымдар бойынша тиімді мөлшерлеме 9,4 %, Альянс Банктегі салымдарда ай сайынғы капиталдау бар және ай сайынғы пайыздар есепке қосылады. Айтарлықтай сомадағы салымның «пайыздары» табысқа жақсы үстеме болады.
Кепілдік туралы айтар болсақ – «Альянс Банкі» жеке тұлғалардың депозиттерін міндетті сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылады.
– Менің ойымша, тиімді шарттар. Сіздер клиенттеріңізге сыйлық жасайсыздар ма?
– Әрине, сыйлықтар жасалады. Альянс Банкте мультивалюталық депозитті ашқан жағдайда, салымшы www.alb24.kz интернет-банкингі ар