«Прорва» кен орны игерілуінің жарты ғасырлық мерейтойында мұнайшыларға құрмет көрсетілді
Қазақ жерінің үсті тарихи шежіреге, ал тұңғиығы табиғи байлыққа тұнып тұр. Терең тұңғиықтан «қара алтын» селін тасытқан отандық мұнай-газ өнеркәсібінің жылнамасы Жылыой ауданынан бастау алады. Бір ғасырдан астам тарихы бар «қара алтынның» алғашқы тамшысы осы аудандағы «Қарашүңгіл» аталатын кен орнынан алынған. Содан бері қазақ жерінен «қара алтынның» тасқыны әсте толастаған емес. Жеті қат жер астындағы мұнай мен газдың мол қорын тамыршыдай тап басатын білікті мамандардың айтқанындай, қазақ мұнайының қайнар бұлағы әлі де талай жыл бойы ел игілігіне жаратыла береді.

Елу жылдан бері бір өңірдің ғана емес, тәуелсіз елдің ырысына айналған кен орнының бірі – «Прорва». Каспий теңізіне таяу орналасқан Прорваның игерілуінде мыңдаған мұнайшының қолтаңбасы, маңдай терінің жемісі бар. Бұл кен орнына алғашқы барлау жұмыстары 1960 жылдары басталыпты. Ал 1963 жылдың 11 тамызында алғашқы мұнайды алуға қол жеткізіліпті. Өзге кен орындарына қарағанда мұнайының сапасы мен құрамы өзгешелеу келетін «Прорваның» №1 ұңғымасын Төлеш Құлгелдиев жетекшілік еткен бригада мұнайшылары қазыпты. Әрине, ел игілігі жолындағы мақсатты істе бір-бірімен әзілін жарастыра күн-түн демей, дамылсыз жұмыс жасаған мұнайшыларды ортақ мақсатқа жұмылдырған Сағидолла Нұржанов, Құмар Балжанов, Орынғазы Есқазиевтай басшылардың ұйымдастырушылық қабілеті жарқырай көрінгенін сала мамандары жыр ғып айтады.
«Прорва» – талай білікті мұнайшылардың еңбек жолы басталған, қанаты қатайған мекен. «Прорва» кен орнын игеруге елеулі үлес қосқан мұнайшыларды бір-бірінен бөле жаруға болмайды. Дегенмен, дәл осы кен орнында еңбек жолын бастап, алдыңғы буынның тәжірибесінен тәлім алған жас мұнайшылардың дені кейіннен білікті басшылықтың биігіне көтерілгенін айту ләзім. Мәселен, Уфа мұнай институтының түлегі, бүгінгі Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов те Прорвада еңбек жолын бастапты. Бұл бір ғана мысал. Жалпы, «Прорваның» терең тұңғиығындағы «қара алтынды» ел игілігіне жаратқан мұнайшылардың шежірелі жолы бірнеше буынға жалғасып келеді.
«Жылыоймұнайгаз» басқармасының басшысы Амангелді Сүлейменовтің айтуынша, «Прорва» қойнауындағы «қара алтынның» мол қоры әзір таусыла қоймайды. Жарты ғасырда бұл кен орнынан 36351,8 мың тоннасы өндіріліпті. Ал әлі де өндірілуге тиіс мұнай қоры 16 миллион тоннадан асады. Өнімді ысырапсыз өндіру үшін жаңа технологиялар кеңінен қолданыла бастапты. Бұрынғыдай емес, мұнайшылардың әлеуметтік тұрмысы да жақсара түскен. Оны мұнайшылардың өздері де жасырмайды. Мәселен, осы кен орнында 1976 жылдан үздіксіз еңбек ететін оператор Оңайбай Ембергенов «сонау кеңестік дәуірдегі жағдайымызбен бүгінгіні де салыстыру тіптен мүмкін емес. Бұрын мұнайды өлшеу құрылғылары қолмен атқарылатын еді. Қазір бәрі басқаша, мұнай өлшеу құрылғылары автоматтандырылған, техникаларымыз жаңарды, өндіріске жаңа технология келді. Қоршаған ортаның тазалығына мән беріледі», дейді ағынан жарыла.
Мұхамеджан Сыдықов та осы кен орнында еңбек жолын бастады. Қазір тәжірибесі толысқан білікті маман ретінде еңбегі еленіп жүрген мұнайшыға айналды. «Мен өзімді әкем Базардың жолын жалғастырушымын деп есептеймін. Өйткені, әкем өзінің саналы ғұмырының 45 жылын «Прорва» кен орнының бұрғылау жұмыстарына арнады. Мені мұнайшылық кәсіпті меңгеруге баулыды. «Елу жылда ел жаңа» дегенді бала күнімізден санамызға құйып өстік. Енді бұл күндері шынымен де, елу жылда ел өмірінде жаңаша өзгеріст