Таяуда өткен Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісі «Елбасы тапсырмалары мен «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын іске асыру аясында қазақстандық ғылымның алдында тұрған міндеттер» деген тақырыпқа арналды.
Біріншіден, Елбасы инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясатын ұсынғанын жақсы білеміз.
«Жаңа технологиялық толқын жалына жармасып, теңдессіз инновациялар жасау барлық елдің қолынан келе бермейді. Сондықтан ауқымды халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуымыз қажет», – деп атап көрсетті Н.Назарбаев.
Таяуда өткен Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісі «Елбасы тапсырмалары мен «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын іске асыру аясында қазақстандық ғылымның алдында тұрған міндеттер» деген тақырыпқа арналды.
Біріншіден, Елбасы инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясатын ұсынғанын жақсы білеміз.
«Жаңа технологиялық толқын жалына жармасып, теңдессіз инновациялар жасау барлық елдің қолынан келе бермейді. Сондықтан ауқымды халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуымыз қажет», – деп атап көрсетті Н.Назарбаев.
ТарМУ халықаралық білім беру кеңістігінде интеграцияны тереңдету, оқытушылардың ғылыми-зерттеу мүмкіндіктерін кеңейту және білім алушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту мақсатында Шанхай ынтымақтастық ұйымы университеттерінің (ШЫҰУ) желісіне өткен жылдың 12 желтоқсанында ресми түрде қабылданды. Яғни университет студенттерді жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім беру бағдарламасы бойынша 3 мамандықтан «Су ресурстары және суды пайдалану», «Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау» және «Гидротехникалық құрылыс және ғимараттар» ШЫҰУ шеңберінде оқытуды ұсынатын болады.
Сонымен қатар, университет Беларусь – Қазақстан ғылыми-білім консорциумына мүше. Консорциум аясында Беларусь жоғары оқу орындарымен бірге 8 жоба әзірленіп, оларды 2014 жылы қаржыландыруға бюджеттік өтінімдер ресімделді. Ұсынылған жобалардың ішінде Жамбыл аймағы үшін «Дәнді дақылдарды қайта өңдеу негізінде жаңа тұрпаттағы өнімдер алу үшін техникалар мен технологиялар әзірлеу» жобасының маңызы ерекше. Бұл жобада дәнді дақылдарды сұрыптау коэффициентін 93-96%-ға жеткізетін әмбебап технологиялық нобайы бойынша дәнді дақылдарды өңдеудің ресурс үнемдеу технологиясын және жаңа техникасын енгізу қарастырылған. Жоба Жамбыл облысында дәнді дақылдарды өңдейтін және ұн өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың қатысуын және қолдауын қажет етеді.
Тағы да басқа ауқымды ғылыми жобалардың бірі – М.Х.Дулати атындағы ТарМУ және Беларусь ұлттық техникалық университетінің ғалымдары қатысатын «Ғимараттардың қадалық іргетастарын қалау үшін ресурс үнемді ұңғымалы темір-бетон қадаларды тәжірибелік сараптау және әзірлеу» жобасы. Соққыға шыдамды және экономикалық тиімді, ТМД-да және алыс шетелдерде теңдесі жоқ берік қадалар отандық құрылыс саласының инновациялық дамуының жаңа белеске көтерілуіне мүмкіндік береді. Ұсынылып отырған ресурс үнемді қадаларды шығарудың алғашқы кезеңін жұмыс тәжірибесіне және кадрларға бай «Бином Строй-Деталь» ЖШС-де жүзеге асыру ұсынылады.
Жолдауда ел Президенті 2013 жылдан бастап ғылым мен бизнестің толыққанды кооперациясын іске асыру қажеттігін айтты. Соңғы жылдары Жамбыл облысында өнеркәсіп пен бизнестің қарқынды дамуы, сонымен қатар, аймақ мамандарының ғылыми-кадрлық және зияткерлік әлеуеті Жамбыл облысында Тараз мемлекеттік университетінің базасында шоғырлануы – заманауи аймақтық «Тараз» технопаркін құруға мүмкіндік береді. Технопарктің негізгі мақсаты кәсіпорындар мен мекемелердің қатысуында олардың ұсынысы негізінде ғылыми және конструкторлық инновациялық әзірлемелерді, жобаларды қаржыландыру болуы керек. Технопарктің құрылтайшылары және серіктестері құрамына Жамбыл облысының әкімдігімен бірге облыстың «Казфосфат» ЖШС, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС, «Тараз құбыр зауыты» ЖШС, «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС және т.б. кәсіпорындар мен ұйымдар енуі қажет. Орта және шағын бизнес өкілдері де шет қалмауы тиіс.
ТарМУ-де аймақтық «Тараз» технопаркін құру жөніндегі тұжырымдамасы әзірленіп, оның құрылымы мен қаржылық шығындары нақтыланды. Қазіргі кезде университет технопарк құрылтайшыларының бірі болуға және технопарк нысандарын орналастыру үшін 8 гектар жер телімін бөлуге, сонымен қатар кадрлар мен зияткерлік меншіктерін ұсынуға дайын.
Елбасының Жолдауында айтылған маңызды тапсырмалардың тағы бірі – елдегі патенттер мен авторлық куәліктердің нақты жүзеге асырылуына (коммерциялануына) талдау жүргізу болатын. Ал ТарМУ – Жамбыл өңірінде ірі патент иеленуші болып табылады. Жыл сайын университет ғалымдары ТМД-да және алыс шет мемлекеттерде теңдесі жоқ жаңа құрылғылар мен жабдықтарға, механизмдерге, құрылыс материалдарына орта есеппен 30-дан астам ҚР инновациялық патентін алады.
Жамбыл облысында патент иеленушілер қатарында М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-ден басқа, «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, Жамбыл жобалау институты, Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті және бірқатар ұйымдар бар. Облыстағы жоғары оқу орындары мен ұйымдарында көптеген патенттер мен авторлық куәліктердің шоғырланғанын ескере отырып, оларға коммерциялау бойынша іріктеу жүргізу үшін Жамбыл облысы әкімдігінің аясында арнайы аймақтық талдау орталығын (АСО) құру қажет.
Аталған аймақтық талдау орталығының жұмысына ғалымдар, экономистер, бизнес, кәсіпорын өкілдері және мүдделі тұлғалар қатысуы тиіс. ТарМУ өзінің мамандарының қызметін ұсынуға және аталмыш орталықтың тиімді жұмысы үшін университет базасында қолайлы жағдай жасауға дайын.
Министрліктің алқа мәжілісінің шешімдерінің негізінде біздің университет нақты іс-шараларды жоспарлап отыр. Біріншіден, инновациялық жобаларды орындау үшін ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын технологиялық жаңарту. Мысалы, 2013 жылы біздің университетте 200 млн. теңгеден астам қаражатқа су ресурстары, электрэнергетикасы, физика, химия зертханаларына жаңа заманауи құрал-жабдықтар алынды.
Екіншіден, мектеп оқушыларының ғылым мен инновацияға қызығушылығын дамыту. Осы мақсатпен университетте ғылыми-техникалық және инновациялық бағыттағы үйірмелер құрылды.
Үшіншіден, университет ғалымдарының халықаралық рейтингті журналдарда жариялану белсенділігін арттыру. Осы мақсатпен университет оқытушыларының жариялану белсенділігін материалдық тұрғыдан көтермелеу механизмі іске асуда: әр мақала авторына журналдың импакт-факторына сәйкес 50 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін сыйақы төленеді.
Төртіншіден, инновация мен ғылымды дамытуда мемлекет-жекеменшік серіктестігінің мүмкіншіліктерін кеңінен пайдалану. Осы тұрғыда университет Жамбыл облысының өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасымен меморандумға қол қойды. Бұл келісім-шарт инвесторлардың әлеуетін белсенді пайдалануға мүмкіншілік береді. Сонымен қатар, ғылымның бизнеспен серіктесуіне, зерттеулердің коммерцияландырылу құрылымын жетілдіруге жол ашады.
Бесіншіден, жастар ғылыми жобалар орталығын құру.
Соңғы жылдары жастарға арналған мына жобалар дамып келеді: «Жастар тәжірибесі», «Жасыл ел», «Дипломмен – ауылға!», «Жастар кадрлық резерві», «Мемлекеттік қызмет мектебі», «Жастар – Отанға». Бүгін жастардың барлық категорияларын қамтып, оларды біріктіретін жаңа жобалар қажет.
Әлеуметтік жаңару бағдарламалары іске асуда. Бұл – «Жұмыспен қамту-2020», «Бизнестің жол картасы-2020», «Қол жетімді баспана-2020», «Аймақтардың даму бағдарламалары». Жаңа мемлекеттік жастар саясатын осы әлеуметтік бағдарламалармен дұрыс ұштастыру қажет.
Бүгін жастардың әр категориясына (мысалы, қалалық және ауылдық жастарына, жастардың этникалық топтарына, формалдық емес көшбасшыларына) нақты атаулы тәсілдер пайдалану қажет. Сонымен қатар, қазіргі кезеңде жастар саясатында өте өзекті бірнеше мәселелер бар. Мысалы, Елбасы жастарға арналған «әлеуметтік лифтілерді» құруды тапсырды. Оның мысалы ретінде қабілетті жастарды мемлекеттік қызметке тартуды және жастардың волонтерлік орталықтарын құруды көрсетті. Ендігі кезде әр аймақта «әлеуметтік лифтілерді» қалай құрамыз және оның нақты механизмі қандай болады деген мәселені шешу қажет. Немесе жастарға арналған «Еңбек биржасы» қалай жұмыс істеу керек – бұл да көкейкесті мәселелердің бірі.
Кез келген мемлекеттің негізі отбасынан басталады. Сондықтан жас отбасыларының әлеуметтік әлеуетін дамыту, отбасылық құндылықтарды жастар арасында насихаттау – жастар саясатының негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.
Осы айтылған және тағы да басқа жастар мәселелерін ғылыми тұрғыдан зерттейтін облысымызда а рнайы ғылыми-зерттеу орталығы Жамбыл облысының әкімі Қ. Бозымбаевтың қолдауымен университет базасында құрылды.
Жаңа оқу жылы барлық бірінші курс студенттері үшін «М.Х.Дулати: өмірі – өнеге, тарихи танымы –тағылым» тақырыптағы университет ректорының лекциясынан басталады. Халықтың нақыл сөзі бар: егер адам өз тарихын білмесе, ол бүгінгі күннің мән-жайын толық түсіне алмайды, ал оның болашағы бар ма, әлде жоқ па, бұл екіталай. Сондықтан да М.Х. Дулати сияқты тұлғаның образы арқылы жастардың бойында отансүйгіштік сана-сезімді, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру – біздің ұстаздық парызымыз.
Махметғали САРЫБЕКОВ,
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры, Оңтүстік аймақтық ректорлар кеңесінің төрағасы.