05 Қыркүйек, 2013

Бұл аудан мен ауылға сән емес

291 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Атырау облысының Құр­ман­ғазы ауданы Қазақстанның «батыс қақпасы» саналады. Өйт­кені, бізден кейін Қиғаш өзенінің арғы беті – Ресей жері. Құрманғазы ауданының экономика­сы өркен­деп, мәдениеті өркендеген үсті­не өркендей түсуде. Мұнайы жоқ болғанымен, балығы мен мың­ғырған малы бар,

Атырау облысының Құр­ман­ғазы ауданы Қазақстанның «батыс қақпасы» саналады. Өйт­кені, бізден кейін Қиғаш өзенінің арғы беті – Ресей жері. Құрманғазы ауданының экономика­сы өркен­деп, мәдениеті өркендеген үсті­не өркендей түсуде. Мұнайы жоқ болғанымен, балығы мен мың­ғырған малы бар,соның ар­қа­сында тәуелсіздік жылдары қайта түлеп, оң өзгерістер көп­тің көзқуанышына айна­луда. Көршілес Ресейдің Алтын­жар, Володар аудандарымен судай араласып, өзара тиімді ынтымақтастыққа қол жеткізілді. Күй өңірі тұр­ғындарының мәде­ниетте, спортта да ресейліктерді таңғалдыруы тектен-тек емес. Бәрі де жарасымды.

Тек бір әттеген-айы – жыл сайын 1 мамыр мерекесінде парад өткізуді қоя алмай келеді. Аудан әкімі жанына бірер орынбасарын алып баяғы бірінші хатшылардай қаздиып тұрып, парадты тұсынан өткізеді. Әрбір мекеме, ұжым басшылары мен мүшелері оның алдына келгенде тоқтап, бас изесіп, тағзым еткендей, жалпақтап қалады. Әміршіл-әкімшіл жүйеден қалған бұл үрдістен арылуға болмас па еді? Астана, облыс орталықтарында ғана өтсе жарап жатыр емес пе? Аудан, ауылға осы парад өткізу мүлде үйлеспей тұр.

Одан да көпшіліктің көңілді серуені, театр­ландырылған көрі­ністер ұйымдастырылып, оны халықпен бірге әкім де тамашалап тұрса ғой деген ой келеді.

Алтынбек ҚУАНТАЕВ.

Атырау облысы,

Құрманғазы ауданы.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:15

Қысқы Олимпиада мәреге жетті

Олимпиада • Бүгін, 08:00