05 Қыркүйек, 2013

Тоқсан отбасының толағай қуанышы

280 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Конституция мерекесі қарса­­ңында Көкшетау қаласында

«Қол­жетімді баспана-2020» бағдарламасы шеңберіндегі тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары» жүйесімен 90 пәтерлі үш үй пайдалануға берілді.

Конституция мерекесі қарса­­ңында Көкшетау қаласында

«Қол­жетімді баспана-2020» бағдарламасы шеңберіндегі тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары» жүйесімен 90 пәтерлі үш үй пайдалануға берілді.

Қуаныш иелеріне кілт тапсыру салтанатында қала әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова Елбасымыз тұрғын үй құрылысын мемлекеттік саясаттың басым ба­ғыт­тарының бірі ретінде белгі­ле­­генін атап көрсетті. Бұл орайда Көкшетау маңызды міндеттің үде­сінен шыға білуде. Былтыр Тұрғын үй құрылыс жинақ бан­кі­нің салымшылары алғашқы үш үйге қоныстанған болатын. Ал, үстіміздегі жылдың соңына дейін жалпы аумағы 80 мың шаршы метр­лік 11 үй қаламызға көрік қоса­тын болады.

Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың басы-қасында жүрген «Тұрғын үй құрылыс жи­нақ банкі» АҚ Ақмола облыс­­тық филиалының директоры Айбас Жарқымбаевтың сөзі көпшілікке ой салғандай еді.

– Еліміз өз тұрғындарына мерекелік тартулар жасауды игі дәстүрге айналдырды, – деді ол. – Бүгінгі қуанышты шара соның бір көрінісі. Жалпы, тұрғындар «Қол­жетімді баспана-2020» бағ­дар­­­­­­ламасының түпкі мақсатын тү­сіне бастады, оған өздері де бел­се­не қаты­сып отыр. Мәселен, «Цен­траль­ный» шағын ауда­нын­дағы 60 пә­терлі екі үйге өтініш бер­ген са­­лым­шыларымыздың са­ны 208-ге жет­ті. Сұраныстың артуы­на байла­ныс­ты, келесі жылы «Са­ры­арқа» жаңа шағын ауданы мен «Жансая» тұрғын үй кешенінде 300 пәтерлі 10 үйдің құрылысын жүр­гізуді жоспарлап отырмыз. Демек, банк клиенттері қаржы айналымы тәртібі мен оны тиімді пайдалану, шы­ғындарды жоспарлау үрдісіне мүд­делілік танытуда деп айта аламын.

Бақберген АМАЛБЕК,

«Егемен Қазақстан».  

Ақмола облысы.

Соңғы жаңалықтар