15:46
Ресейде бір күнде тағы 1 786 адам вирус жұқтырды
Бұл - осыған дейін тіркелген ең көп бір күндік көрсеткіш. Ресейде барлығы 11 917 адам коронавирус жұқтырған.
Қайтыс болғандар саны 94 адамға жетті.
795 адам сауығып, ауруханадан емделіп шықты.
12:21
Йеменде алғашқы жағдай тіркелді
Йеменнің Хадрамаут провинциясында коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді.
Елдің Денсаулық сақтау өкілдерінің сөзіне сенсек, науқастың жағдайы қалыпты.
Елдегі нашар гуманитарлық жағдайды ескерген Біріккен ұлттар ұйымы пандемия салдары ауыр болатынын ескерткен еді.
Жанжал аумағында тұрып жатқан халықтың денсаулығы онсыз да нашар, медицина саласының деңгейі төмен, елде аштық та белең алған.
Сурет: Reuters
10:30
101 жастағы ағылшын азаматы вирустан айықты
101 жастағы ағылшын азаматының вирусты жеңіп, үйіне қайтқаны туралы сүйінші жаңалықты емхана Facebook прақшасында жариялаған.
Англияның Реддитч қаласындағы Александра емханасында ол екі апта бойы емделген.
Емхана қарттың суретін жариялап, оның сауығып кетуіне септігі тиген барлық қызметкерлерге алғыс білдірді.
09:48
Дүниежүзі бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1 601 018 адамға жетті.
Ал қайтыс болғандар саны 95 мыңнан асты.