Қоғам • 10 Сәуір, 2020

1414: Азаматтарды толғандырған сұрақтарға кімдер жауап береді?

1295 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері осынау қиын сәтте мемлекеттік қызметтерді онлайн ұсынып, 1414 колл-орталық арқылы кеңес беріп отыр. Алматыда 150 колл-орталық операторы жұмыс істеуде.

1414: Азаматтарды толғандырған сұрақтарға кімдер жауап береді?

Қазіргі уақытта Азаматтарға арналған үкіметтің 2.5 мыңнан астам фронт-кеңсенің қызметкерлері 1414 нөмірі арқылы кеңес беруге бейімделген. Оның ішінде Алматы қаласының 17 фронт офисінің 150-ден аса қызметкерлері Азаматтарға қашықтықтан кеңес беруге жұмылдырылып, үйде отырып қызмет көрсетуде.  Талап бойынша жұмыс ертеңгі сағат 9-дан бастап кешкі 18.30-ға дейін жалғаcады.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын электрондық үкімет порталы арқылы онлайн алуға болады. Дегенмен, кез келген адам сайтта өз бетінше  жұмыс істей білмейді әрі қосымшаларды түсіне бермейді. Сондықтан кеңесшінің жұмысы өте маңызды.

Азаматтарға арналған үкіметтің Алатау фронт-офисінің маманы Бауыржан Бекпаев ХҚКО-да10 жылдан бері жұмыс істейді. Жары Шынар Молдаханова да сегізінші жылдан бергі аралықта Алмалы аудандық ХҚКО-да жұмыс істеп келеді. Бауыржан пен Шынар азаматтарға онлайн-кеңес береді. Шынардың жұмысы 9-дан 16-ға дейін болса, Бауыржанның жұмысы 13-тен 20-ға дейін. Бос уақыттарында балаларына кезекпен көңіл бөледі.

1

Жұмыс тынымсыз. Орталыққа қатыссыз сұрақтар да көп қойылады. Колл-орталықтың операторы болу өте қиын. Белгілі бір ақпаратты берумен қатар, қоңырау шалушылардың наразылығын да тыңдауға тура келіп жатады.

«Өкінішке орай, көп жағдайда адамдар ашуланып, барлық жағымсыз сөздермен балағаттайды. Кейде біз өз саламыздың сұрақтарымен қатар, қоңырау шалып сұрап жатқан соң, олардың көңілінен шығу үшін өзімізге қатысы жоқ сұрақтарға да жауап беруімізге тура келеді. Адамды ашуландыратын балағат сөздерді естіп, өз-өзімізді әрең ұстайтын кездер болады. Себебі, бізде нұсқаулық бар: қоңырау шалушыға жәйлап ескертеміз, жауап ретінде дауысты көтермейміз. Бұл өте қиын, бірақ арандатушылыққа берілмеуге тырысамыз. Қазіргі жағдай бәріне де ауыр екенін түсінеміз.Тыныштықты сақтау өте маңызды», – дейді онлайн-оператор,  №5 Мамандандырылған ХҚКО маманы Рауан Диханбай.

а

«Онлайн операторлар күніне қанша қоңырау қабылдайды?» деген сұраққа орай жауап берген ғымызға Бостандық аудандық фронт-офисінің маманы, колл-орталық операторы Алмагүл Қабылтаеваның бес жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Түскі үзіліс кезінде отбасы мүшелеріне тамақ дайындап, бірге отырып түскі ас  ішіп, жұмысына қайта жұмысына кіріседі. «Бір минут ішінде 3-4 қоңырау түседі. Күніне 200-250 қоңырауға жауап беремін. Барлық қоңырауға жауап беруге тырысамын деп, кейде тамақ туралы ұмытып кететін жайттар болады. Осындай қиын кезеңде халыққа пайдамды тигізуге тырысамын. Олар да еріккеннен қоңырау шалмайды. Өз білгендерімізді бөлісіп, алғыс алғанға не жетсін» дейді А.Қабылтаева.

Алматы қаласы Алатау ауданы ХҚО-сының қызметкері Құралай Өмірова азаматтардан күн сайын 300-ге жуық қоңырау қабылдайтынын айтады. «Арасында үйде отырған екі балама да көңіл бөлемін. Бәрі уақытша қиындықтар. Қазақстан халқы бұл қиындықты да еңсеретініне сенемін. Ең бастысы – бірлігіміз жоғалмасын, - дейді ол.

Мамандардың айтуынша, колл-орталыққа қоңырау шалған тұрғындар туу туралы куәлік алу, бала тууына байланысты жәрдемақылар, МАБ жазу, автокөлікке қатысты құжаттарды үйге жеткізу қызметі, онлайн ЭЦҚ алу, жеке куәлік алу, уақытша және тұрақты тіркеу, емханаға бекіту туралы, автокөлік құралдарын есептен шығару және қою, автокөлікке тыйым салуды тексеру, жүргізуші куәлігін қалай алу және ауыстыру туралы, сондай-ақ, азаматтың қайтыс болғандығы туралы куәлікті қалай алу керек, жерлеуге арналған құжаттарды, техникалық паспорт, жер учаскесінің мемлекеттік актісі, ЖК қалай ашуға болады және т.б. сұрақтардың жауабын іздеп жатады.

 

АЛМАТЫ