05 Қыркүйек, 2013

Келісімшарт бойынша әскери қызмет

1160 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Келiсiмшарт бойынша әскери қызмет ету мемлекет пен жеке тұлға мүддесін астастырып, байланыстырады. Әлбетте, азаматтардың жауынгерлік сапқа әрдайым дайын жүріп, патриоттық сезімін күшейтіп, елдің, жердің қорғаны екендігін де сезінтеді. Негізі, азаматтар әскери қызмет етуге келісім жасағанда бүгіні мен болаша­ғына тұрақты, сенімді әлеуметтік қорғауды да қамтиды.

Келiсiмшарт бойынша әскери қызмет ету мемлекет пен жеке тұлға мүддесін астастырып, байланыстырады. Әлбетте, азаматтардың жауынгерлік сапқа әрдайым дайын жүріп, патриоттық сезімін күшейтіп, елдің, жердің қорғаны екендігін де сезінтеді. Негізі, азаматтар әскери қызмет етуге келісім жасағанда бүгіні мен болаша­ғына тұрақты, сенімді әлеуметтік қорғауды да қамтиды.

Елбасы – Қазақстан Респу­б­ликасы Қарулы Күштерінің Жо­ғарғы Бас қол­­басшысы Нұр­сұлтан Назарбаев: «Қазір біз ХХІ ғасырдағы қазақстандық жа­­уын­герлердің ұжымдық бей­несін құрудамыз, оның айрық­ша белгілері патриотизм, интел­лектуалдық дамуы, саламатты өмір сал­тын ұстанатын болу керек», деп нақ­­­ты­лады. Біздің әске­ріміздің жетіс­тігі кә­сіби даяр­лығына байланыс­ты. Келісім­­­шарт бойынша әскери қызметтен өте­тін әске­ри қызметшілердің жеке бастары ғана емес, отбасы да мемлекет қорғауында бола­тынын баса айтқан артық болмас. Сон­дық­тан Қорғаныс министрлігінің талап­та­рына сәй­кес, келісімшарт бойынша әске­ри қыз­метке жос­пар­лы түрде іріктеу жүргі­зіледі.

Соған орай жуырда Алматы облысы қорғаныс істері жө­ніндегі департаменті ҚР ҚК Әуе ұтқыр әскер басшылығымен бірлесе отырып, «Келісімшарт бойын­ша әскери қызмет – нағыз аза­мат­тың таңдауы» атты акция өткіз­ді. Акцияның негізгі мақ­са­ты: келісімшарт бойынша әске­ри қызметтің артықшылығы, берілетін жеңілдіктері мен Қару­лы Күштерінің абыройы, жалпы келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру, қызмет ету мәселелерін тұрғындарға түсін­діру мен үгіт-насихат жұмыс­тарын жүргізу болды. «Әске­ри қызмет және әскери қызмет­шілердің мәртебесі туралы» Заңға сәйкес, ке­лісімшарт арқылы әске­ри қыз­метке орналасып, Отан алдын­дағы міндетін абыроймен атқарып жүрген азаматтар мен азаматшаларға берілетін мүм­кіндіктер де егжей-тегжейлі айты­лып, түсіндірілді.

Бұл күндері келісімшарт бойынша әскери қызметке іріктеу жалғастырылып, айналымы іріктелуде. Келі­сімшарт бойынша әскери қызмет – абыройлы іс және нағыз азаматтың таңдауы!

Саят ТОМПАҚОВ,

Алматы облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары,

подполковник.

Соңғы жаңалықтар